-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шеберлікті шыңдайды

    16.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Ұйғыр аудандық филиалында жұмыс істегеніме көп болған жоқ. Бірнеше ай ғана уақыт өтті. Дегенмен осы аз уақыттың өзінде мен үлкен тәжірибе мектебінен өттім. Бұл орталық тек қана тіл үйретіп қоймайды. Ана тілі арқылы ұлтқа, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға да өз үлесін қосып келеді.

    Біз алдымызға келген әрбір тіл үйренушіге мемлекеттік тілдің маңызын ұғындырамыз. Сонымен қатар түрлі сайыстарға түсіп, біліктілігімізді арттырамыз. Өзіме үлкен тәжірибе мектебі болған шараның бірі – Қонаев қаласында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы дәстүрлі «Үздік оқытушы» байқауы.

    Бұл байқау – мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жаңғырту, тіл мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді әдістемелер мен жаңа тәсілдерді кеңінен тарату, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын қазіргі заман талабына сай қолдануға бағытталған маңызды шара. Сонымен қатар  оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасуға жол ашты.

    Облыстың әр ауданынан іріктеліп келген 10 оқытушы үш кезең бойынша сынға түсіп, тіл үйретудегі шығармашылық әдістерін ортаға салды. Мен де осы шараға қатысу құрметіне ие болдым. Жүлделі орын алмасам да, әріптестерімнің жұмыс тәсілін көріп, өз ісіме жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туды. Бұл байқау кәсіби дамуға бағыт сілтеген маңызды баспалдақ болды.

    Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында өзара қолдау мен түсіністік, әділқазылардың әділетті бағасы – барлығы да байқаудың маңызын арттыра түсті. Мұндай шаралар – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар ынталандыру мен жігер беруге зор мүмкіндік.

    Айдана Бұлжұма,

    Облыстық «Тіл» оқу-әдістімелік орталығы Ұйғыр аудандық филиалының оқытушысы

     

    Ұсынымдар

    Әлем назарындағы аламан

    Әлем назарындағы аламан

    10 months ago
    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    2 years ago
    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    6 months ago
    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.