-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа полигон салынады

    19.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа полигон салынады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Келер жылы Еңбекшіқазақ ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон іске қосылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында өткен экологиялық кеңес барысында айтылды. Жиынға департаменттер мен басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және кеңес мүшелері қатысты.

    Облыстық тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық басқармасы бөлім басшысы Бауыржан Османның айтуынша, өңірдегі қатты тұрмыс­тық қалдықтар полигондарының экологиялық талаптарға сәйкестігі кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр.
    Есік ауылындағы қолданыстағы полигон Балтабай ауылында салынып жатқан жаңа полигон пайдалануға берілгеннен кейін жабылып, қалпына келтірілмек. Аталған нысанның қуаттылығы жылына 400 мың тон­наға дейін қалдықты қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Жоба Қытайдың «Гуандун Сучунь» компаниясының жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылуда.
    «Облыста жыл сайын шамамен 430 мың тонна қалдық жиналады. Оның 112 мыңы қайта өңделеді. Қазіргі таңда өңірде 6 полигон жұмыс істейді. Сонымен қатар 70-ке жуық ұйым қоқыс жинаумен айналысады. Алматы қаласынан шыққан 450 мың тонна қалдық Қарасай ауданына, ал 80 мың тоннасы Талғар ауданына жеткізіледі. Шелек ауылындағы ескі полигонды жабу және жерді қалпына келтіру жобасы дайын», – деді Бауыржан Осман. Сондай-ақ кеңес барысында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылындағы кәріз жүйесінен тарайтын жағымсыз иіс мәселесін көтерді.
    «Жаз мезгілінде бұл иіс салдарынан тұрғындар терезе ашудан қалып отыр. Ол түрлі аллергиялық ауруларға да себеп болуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін қандай нақты шаралар қолға алынып жатыр және бұл жағдай қашан толық шешіледі?» – деп сауал қойды Ерлан Жақыпов.
    Бұл сұраққа жауап берген облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының өкілі жағымсыз иіс тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтып, мәселе бақылауға алынғанын жеткізді. Қазіргі таңда иістің нақты шығу себебі зерттеліп жатыр. Оны жою жолдары да қарастырылуда.
    Айта кету керек, «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 50-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою, қатты тұрмыстық қалдық өңдеу үлесін 22%-дан 40,2%-ға дейін арттыру және Қонаев қаласындағы апатты кәріз жүйесін толық жаңғырту көзделген.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Уақыт жебесі

    Уақыт жебесі

    1 year ago
    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    4 months ago
    Алатау алып шахарға айналады

    Алатау алып шахарға айналады

    2 weeks ago
    Үздіктерді анықтайтын  доп додасы

    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    2 weeks ago
    Алматы облысында 5 адам мерт болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебі аталды

    Алматы облысында 5 адам мерт болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебі аталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>