-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    17.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінде (https://farabi.university/faculty/14) Халықаралық конференция аясында «Тұрақты даму мақсаттары» аудиториясының ашылу рәсімі өтті.

    Тұрақты даму мақсаттары бүкіл адамзат үшін өте өзекті мәселелер болып табылады және осы университет те жаһандық мәселелерді шеше алатын мамандарды дайындауда басты рөл атқарады. Аудиторияның ашылу рәсіміне университеттің Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ибраимов М.Қ. пен «ПСК Строй-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Абенов С.Ж. қатысты және фокус-топтың жұмысы ұйымдастырылды. Фокус топтың басты мақсаты – Қазақстан өңірлерінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) орындалу барысын талқылау, атап айтқанда, ТДМ 1 (Кедейлікті жою) және ТДМ 8 (Экономикалық өсім және лайықты жұмыс орындары) бағыттары бойынша тиімді шешімдерді іздестіру болды. Фокус-топтың қатысушылары AP23489032 «Әлеуметтік тұрақсыздықтың жергілікті тәуекелдерін азайту үшін Қазақстан өңірлеріндегі табыс теңсіздігі мен кедейлікті төмендетуге ШОБ әсерін зерттеу» атты ғылыми жобаның (жетекшісі Г.Р. Даулиева) негізінде өз көзқарастарын білдіріп, шешу жолдарын атап, олар жетудегі негізгі сын-қатерлері, салдары мен мүмкіндіктері талқыланды.

    Фокус топтың кеңейтілген отырысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Орнықты даму мақсаттары хатшылығы директорының орынбасары Уралбаев Н., Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бас инспекторы Джамашева Ә.М., Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Мамешова А.Ә., Еңбек нарығын жинақтап талдау, болжау және дамыту бөлімінің басшысы Жексембаева Г.А., Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жолдиев Р.Л., KPMG, директор орынбасары Дмитриева Г., World Bank Group, инвестициялық аналитик Акимхан А. баяндамалар жасалды.

    Іс-шара барысында әлеуметтік саясаттың, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының, кәсіпкерліктің, сондай-ақ инновациялық тәсілдердің кедейлікті және табыс теңсіздігін төмендетуге қалай ықпал ететіні қарастырылды.

    Ұсынымдар

    Табыс көзін тапқан

    Табыс көзін тапқан

    5 months ago
    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    2 years ago
    Жаңа бекет ашылды

    Жаңа бекет ашылды

    9 months ago
    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    4 months ago
    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Қолдан жанармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.