-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Жаңалық жаршысы

    28.06.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Жаңалық жаршысы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    «Атамекен» газетінің тілшісі Тұрсынжан Тоқтасыновты Жамбыл ауданында танымайтын жан кемде-кем. Ол осында табан аудармай 32 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал жалпы еңбек жолына жарты ғасырдың жүзі болды.

    Әкесі Асқар мен аяулы анасы Әсемнің тәлімді тәрбиесін көріп өскен бала Тұрсынжан мектепке бармай тұрып домбыра тартуға әуестеніпті. Әдеби кітаптарды бірінші сыныптан оқи бастаған. Қолына тиын-тебен түссе, кітап дүкеніне қарай жүгіреді екен. Мектепте жеке дауыста ән салуға да әуестенген. Өлең жазуға талпынып, сабақтан кешіккен, тәртіп бұзған оқушыларды сын садағына түйрейтін «Найзағай» атты қабырға газетін шығаруға атсалысты. Алғашқы өлеңдері осы аудандық газетте жарық көрген.

    Ұзынағаштағы Т.Рысқұлов атындағы мектептен білім алған ол 1975 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, отбасы жағдайына байланысты қойшы әкесі Асқарға көмекші шопан болып, еңбек жолын ерте бастады. Сөйтіп Беріктас қой кеңшары мен Дегерес асыл тұқымды жылқы зауытында шопан көмекшісі, аға шопан болумен 15 жылы өтті. Текке өткен жоқ, қайнаған өмірге араласып, ысылды, саланың дамуына өз үлесін қосты. Шопан жігіт қой баға жүріп ой бақты, ақындардың жырларынан сусындап, өзі де өлең жазды.

    1990 жылы отарды өткізіп, Дегерес ауылынан аудан орталығына қоныс аударып, «Ұзынағаш» жолаушылар тасымалдау автопаркінде жөндеуші-слесарь болып жұмыс істеді. Алайда көкірегінде рухани саланың шырағы жанған Тұрсынжанның бар ынта-ықыласы әдебиетке ауып тұрған еді. Жазу-сызуға деген құштарлық оны бірнеше рет сол кездегі «Екпінді еңбек», қазіргі «Атамекен» газетінің табалдырығын аттатты. Ақыры 1993 жылдың қыркүйегінде бас редактор Күмісжан Байжан талабын қайтармай жұмысқа қабылдады. Алғаш корректорлықтан бастаған ол газеттің күнделікті тыныс-тіршілігімен біте қайнасты. Алдыңғы толқын ағаларынан көп үйреніп, мақала жазуға машықтанды. Қаламы ұшталды.

    «Атамекенде» газеттің төрт редакторымен жұмыс істеді. Газет шығарудан бөлек редакцияның қандай жұмысы болсын білек сыбана кірісіп кететін көпшіл қасиетке ие. Бұрынғы басшылары Күмісжан Құдайбергенқызы, Есенқұл Жақыпбек, Рәтбек Терлікбаевқа сонысымен де қадірлі болды. Басылымның қазіргі директоры Мира Бақтыбайқызы мен бас редакторы Әйгерім Әбу де оның еңбекқорлығын бағалағаны деп білеміз, жасы 68-дегі сақа тілші әлі де қолынан қаламы мен фотоаппаратын түсірмей, редакция тапсырмасымен үнемі іс-шаралардың ортасынан табылады. Алыс ауылдарда диқандармен дидарласып, қыстау мен жайлауды аралап, қойын кітапшасын фактіге толтырады. Еңбек адамдарын баспасөз бетінде жарқырата көрсетеді. Қой бағудың қыр-сырын терең меңгергендіктен, аудандық газеттің әр нөмірінде ауыл шаруашылығын қаузайды. Төрт түлік бағудың қалтарыс-бұлтарысын індете жазады. Ал өлең жағына келсек, табан астында суырып салуға бейім.

    Тұрсынжан Асқарұлы ер азаматқа тән салиқалы, салмақты мінезімен ерекшеленеді. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын еңбекқор жан. Сөз өнерінің киесін қастерлеп, мамандығын қатты қадірлейді. Кішіпейіл. Ұжымдағы әріптестерін өзінің іні-қарындасындай көріп, әркез қамқор көңілін танытады. Әзіл-қалжыңы да бір басына жетерлік. Кішігірім жиын-тойды басқарып жіберетін асабалығы бар. Ол – ұл-қыздарынан он шақты немере сүйген ардақты әке, қадірлі ата. Зайыбы Мейрамкүл Марланқызымен бақытты ғұмыр кешуде.

    Танымал тілші баспасөздегі еңбегіне орай облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған. Биыл Тұрсынжан Тоқтасыновтың жалпы еңбек жолына 50 жыл толып отыр. Адамға осынша уақыт бойы еңбектен қол үзбеуге асқар таудай қажыр-қайрат, күш-жігер керек-ау.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алдын алса, ауру азаяды

    Алдын алса, ауру азаяды

    1 year ago
    АҒА ШАРАПАТЫ

    АҒА ШАРАПАТЫ

    12 months ago
    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    1 year ago
    Өнім көлемін озық технология арттырады

    Өнім көлемін озық технология арттырады

    2 weeks ago
    «Altyn Julduz»  алға басып келеді

    «Altyn Julduz» алға басып келеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>