-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық дәстүр паш етілді

    24.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Ұлттық дәстүр паш етілді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

          Соңғы жылдары ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – Шалқар орта мектебі мен О.Жандосов ауылдық ақсақалдар және әжелер ұйымдарының қолға алуымен өткен «Бағалай білгенге бақ қонады, қуана білгенге құт қонады» тақырыбындағы іс-шара.

    Аталмыш шарада ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз кеңінен паш етіліп, мектептің екінші қабаттағы фойесінде орын тепкен «Аталар», «Әжелер», «Аналар», «Әкелер», «Келіндер» ауылдарында айшықты көріністер көрсетілді. Сол сияқты ұлттық құндылықтарды паш ететін көрме де көрген жанды бейжай қалдырмады. Мұндағы қолөнер шеберлерінің айқын қолтаңбасы еріксіз таңдай қақтырды. Ал сахнадағы қойылымдар тартымдылығымен өзгеше өрнек тапты. Қастерлі бабамыз Бейбарыс батырдың нар тұлғасын сомдау мен ұрпағына қалдырған өсиет сөзін жеткізу сондай әсерлі шықты.
    Әжелер тобын көрермен қауым зор қошеметпен қарсы алды. Олар «Әжелер сәлемі» әнін айтып, ұмытылуға айналған «Танабау тағу» дәстүрінен көрініс көрсетті. «Самғау» шығармашылық орталығының бишілері қазақ биін тарту етсе, «Батыс кимешектер» жобасының жетекшісі Аршагүл Серікова ұлттық киім үлгілерімен таныстырды. Жергілікті сазгер әрі әнші Советай ханым «Жақсы адамдар», «Анамның туған күндері» әндерін келістіре орындап, үлкен құрметке бөленді. Ұлттық ойын өрнектерін көрсетіп, патриоттық бағытта ән шырқаған оқушыларға да көпшілік риза болды.
    Жиналған жұртшылық аталмыш шараның өтуіне атсалысқан мектеп мұғалімдері мен оқушыларға, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Молдағали Бейісбаев пен әжелер ұйымының төрайымы Елена Шынжырбайқызына алғыстарын білдірді. Тағылымды шараның жас ұрпаққа берер тәлімі зор болды.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Көршіңмен тату бол!

    Көршіңмен тату бол!

    5 months ago
    Тұтастық тұғыры

    Тұтастық тұғыры

    4 weeks ago
    Аймақ дамуына тың серпін

    Аймақ дамуына тың серпін

    7 months ago
    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

    3 months ago
    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.