[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Атадан – өсиет

    29.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Атадан – өсиет
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны Алматы облысына жетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен болған бұл рухани эстафетаның мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, дәстүрлі өнерге деген құрметті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, тарих пен ата-баба ерлігіне құрмет көрсету. Қонаев қалалық ардагерлер саябағында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткенге тағзым, келер ұрпаққа өнеге болатын салтанатты шараға облыстық басқармалардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар мен еріктілер қатысты.

    Жиынды ашқан облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекова Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен Ақтөбе қаласынан басталып, еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін аралап, Қонаев қаласына келіп отырған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар эстафетасының жастар үшін рухани маңызын атап өтті. Ләззат Оразбекқызы ұрпақтар сабақтастығын терең сезіндіретін тағылымды шараның бабалар аманатын арқалаған жастардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге үлес қосып, тарихи жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ бұл «Ардагер өсиеті» деп аталатын хаттың жай қағаз емес, халықтың амандығы мен болашаққа деген сенімінің, ел мен жерге деген махаббаттың, Отан үшін от кешкен ардагерлерге деген құрметтің, өткенді ұмытпай, болашаққа үмітпен қараудың белгісі екенін баса айтты.
    Келесі кезекте Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев пен Қонаев қаласының Құрметті азаматы Қанат Жақыпов батыр бабалардың рухына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың парызы екенін қаперге салып, жастарды елге қызмет етуге, тарихты ұмытпауға шақырды.
    Осынау тарихи сәтте сөз алған Алматы қаласы Наурызбай ауданы қауымдастық орталығының басшысы Ермұхамед Палмағанбетов «Ардагер өсиеті» хатын Ләззат Мырзабековаға салтанатты түрде табыстады. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің маманы Аяулым Сәрсенбаева соғыс ардагерлері атынан арнайы жазылған бұл өсиет-хатты көпшілікке оқып берді. Аманат хатта Отанды сүю, елге адал қызмет ету, тәрбие мен ұлттық құндылықтарға байланысты терең ойлар, ата-ананы қадірлеу және білім алуға ұмтылу жайында ақыл-кеңестер жазылыпты.
    Салтанатты шара барысында жиналған қауым Даңқ мемориалы ескерт­кішіне гүл себеттерін қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтар рухына тағзым жасады. Алматы облысы ендігі кезекте марафон эстафетасын Жетісу облысына жолдады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Чемпион өз таңдауын жасады

    Чемпион өз таңдауын жасады

    1 year ago
    Кино – ең алдымен идеология

    Кино – ең алдымен идеология

    1 year ago
    Президент: Еліміз үшін Бірлік күнінің маңызы зор

    Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    3 years ago
    Мұқағали мұрасын ардақтаған

    АҚЖҮРЕК

    7 months ago
    Алатау қаласында 6654 әскери бөлімінде 2026 жылғы жаңа оқу кезеңінің ашылу салтанаты өтті

    Алатау қаласында 6654 әскери бөлімінде 2026 жылғы жаңа оқу кезеңінің ашылу салтанаты өтті

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>