-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

    12.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің қатысуымен әкімдік залында мерзімді әскери қызметте борышын абыроймен өтеген айбынды жастарға мемлекеттік білім гранты сертификатын табыстау рәсімі өтті. Еліміздің тыныштығы үшін қызмет етіп, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, жауынгерлік даярлықтың жоғары нәтижесін көрсеткені үшін ауданның үш азаматы мұндай мүмкіндікке ие болды.

    Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы, Талдықорған қаласы №5514 әскери бөлімінде азаматтық парызын атқарған Өтеген батыр ауылының тұрғыны Нұрлы Жылқыбай Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне оқуға жолдама алды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы, Теміртау қаласы № 5516 әскери бөлімінде борышын өтеген Н.Тілендиев ауылының тұрғыны Жасұлан Әбдреш «Astana IT University»-де коммуникация және коммуникациялық технологиялар мамандығы бойынша білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ақтау қаласы №25774 әскери бөлімінде борышын өтеген Қараой ауылының тұрғыны Бекарыс Сейілханов ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты грантын иеленді.
    Аталған азаматтар әскери қызмет­шілер арасында өткен конкурстық іріктеуде мыңдаған сарбаздың ішінен үздік нәтиже көрсеткені үшін осындай мүмкіндікке қол жеткізіп отыр.
    Грант иегері атанған Өтеген батыр ауылының тұрғыны Нұрлы Бақбергенұлы: «Өткен жылы әскери борышымды Талдықорған қаласын­дағы № 5514 әскери бөлімінде өтедім. Сол кезде үздік жауынгерлерге жоғары оқу орнында оқу үшін білім гранты берілетіні туралы естіп, мүмкіндікті пайдаландым. Менің таңдауымды ата-анам да қолдады. Үлкен ризашылығын білдірді. Осындай зор мүмкіндікті жасап отырған ел Президентіне алғысым шексіз! Бұл қаншама сарбаз­дардың болашағына үлкен үміт сыйлап, білімнің даңғыл жолына түсуге жол ашып отыр», – деп ағынан жарылды.
    Бұл игі шараға куә болған ата-аналар да өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал бүгін­де грант иегері атанған жас сарбаздар қаншама жасқа үлгі болуда.
    «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп, даңқты қолбасшы, Халық қаһар­маны Бауыржан Момышұлы айтпақшы, әскери қызмет қанша қиын болса да оның берер өз жемісі бар. Міне, сарбаздардың білім алуына жағдай жасалып жатқанының өзі – мемлекет­тік қолдаудың нақты көрінісі. Бұл – жастарды жаңа биіктерді бағындыруға ынталандырары сөзсіз.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    2 years ago
    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН

    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН

    4 months ago
    Алматы облысында таеквондодан (WT) ересектер мен кадеттер арасында республикалық чемпионат өтті

    Алматы облысында таеквондодан (WT) ересектер мен кадеттер арасында республикалық чемпионат өтті

    9 months ago
    Жолаушы тасымалы саласын реттеу жайы талқыланды

    Жолаушы тасымалы саласын реттеу жайы талқыланды

    2 years ago
    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>