-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Емханаға МРТ керек

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Парламент
    Емханаға МРТ керек
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Сұлтан Дүйсембінов, Марат Қожаев және Закиржан Кузиев келді. Халық қалаулылары жол және әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен кездесті. Мәртебелі меймандарды аудан әкімі Нұрлан Ертас күтіп алып, бірге еріп жүрді.

    Депутаттар алдымен Алматы-Бішкек халықаралық автожолының Жамбыл облысымен шектесетін тұсына қарай сапар шекті. Бұл учаскесі –  «Ұзынағаш-Отар жолының 101-143 шақырымы» деп аталады. Күрежолдың Ақтерек ауылдық округінің аумағы арқылы өтетін бұл бөлігінде арнайы техникалар мен адам күші жолды қайта жаңартуда. Халық қалаулылары мұнда жүріп жатқан жұмыспен танысып, сапасына назар аударды. Оларға «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының облыстық филиалының директоры Ғани Мұрзаханов істің барысын баяндады. Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан мердігер мекеме – «КЛВ Инсаат Аноним Сиркети» атты ұйым. Мұнда 264 жұмыскер мен 121 дана жол техникасы жұмылдырылған. Республикалық маңызы бар Ұзынағаш-Отар жолының 101-143 шақырымын қайта жаңарту жобасының құны 21,81 миллиард теңге. Қаржы республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы институты – Дүниежүзілік банктен тартылған.

    Бұдан кейін Дегерес ауылдық округіне қарасты Сұңқар ауылындағы «Дегерес Дистрикт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Серіктестік директоры Ерзат Байділдаұлы шаруа жайымен таныстырды. Кәсіпкер мұнда асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысады. Ол үшін бірнеше сүтті биелер әкелінген. Айтуынша, жылқы шаруашылығымен бірге демалыс аймағының жұмысын қатар жүргізбек. Жоба бойынша мұнда демалыс аймағы салынып, келушілерге қымыз бен саумал ұсынылмақ. Ол үшін  қонақүй тұрғызылып, адамдардың демалысын көңілді өткізуі үшін бассейн, жасанды су қоймасы, саябақ құрылысы жүргізілмек. Оған қажетті жер көлемі бар. Айтуынша, бұл жобаның болжамды құны 10 миллиард теңге көрінеді. Құрылыс жұмысын келесі жылы аяқтап, демалыс аймағының қызметін сол жылдың желтоқсан айында бастамақ.

    Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Мәжіліс депутаты Закиржан Кузиев осында жиналған ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен жүздесті. Саладағы кейбір мәселелер сөз болған кездесуде шаруалар тарапынан сұрақ қойылып, депутаттар оған толымды жауап берді. Атап айтқанда, Дегерес ауылының тұрғыны Ілияс Сұлтанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының жергілікті жерде жүзеге асуы барысында туындайтын кейбір қиындықтарды қозғады. Ал Көкқайнар ауылынан Алғазы Таубалдиев шалғайдағы шағын елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз етуді сұрады. Шаруалардың сұрағына депутаттармен бірге аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы жауап берді.

    Халық қалаулылары аудан орталығы Ұзынағаш ауылында жаңадан салынып жатқан емхана құрылысын көрді. Бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емханаға облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген. Жобаның жалпы құны 5,2 милиард теңге. Жұмысты орындайтын мердігер ұйым – «САН МҰНАЙ ГАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Техникалық қадағалауды «ӘСЕМ-ҚҰРЫЛЫС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС жүргізеді. Құрылысы  2022 жылдың қараша айында басталған. Толық қаржыландырудың болмауына байланысты 2025 жылға өтпелі жоба ретінде қарастырылған. Биылғы жылға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

    Емхана құрылысын осы жылдың 30 қыркүйегіне аяқтау көзделіп отыр. Медициналық құрал-жабдықтар тамыз айында орнатыла бастайды. Осы орайда 170 мыңнан астам халқы бар шалғай аудан үшін салынып жатқан осындай заманауи емханада МРТ аппараты неге қарастырылмаған деген мәселе көтерілді. КТ, МРТ-ға түсу үшін аудан тұрғындары Қаскелең мен Алматы қалаларына баруына тура келеді. Оған қоса бұл аймақта өте алыс орналасқан ауыл көп. Сондықтан МРТ аппаратын қоса орнату қажет. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметін бір жүйеге келтіру мәселесі сөз етілді. Сенаторлар Жанболат Жөргенбаев, Сұлтан Дүйсембінов пен облыстық мәслихат депутаттары Махаббат Бигелдиев, Ләззат Тұрлашов осы жайттарды талқылады. Емхана құрылысының басында депутаттармен бірге облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайбергенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов болды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Майдангер жыр кітабы

    Майдангер жыр кітабы

    2 months ago
    Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

    Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

    1 year ago
    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    11 months ago
    Үнемдеген ұтады

    Үнемдеген ұтады

    10 months ago
    Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

    Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>