🌧️
3°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Еңбегімен елге сыйлы

    30.07.2025
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Еңбегімен елге сыйлы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Адам еріншектікке салынбай, кез-келген кәсіпті қолға алып, сол кәсіппен тұрақты айналысса, еш уақытта несібесіз қалмайды. Ал еңбек еткен адам қоғамға пайда келтіріп қана қоймай, ол өзінің жарқын болашағына жол аша алады. Бүгінгі әңгіме кейіпкері де өзінің сүйікті кәсібімен тұрақты айналысып, ел-жұртқа танымал болған диқандардың бірі – Алтынғали Қанапияев.

    Ақжар ауылында туып-өскен Алтынғали мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде диқан болуға бет бұрып, кейіннен сол кәсіптің қыр–сырын жетік меңгереді.

    Адал еңбек пен адал табыс тауып, бау-бақша өнімдерін өсіруді жаны қалаған диқан бүгінгі таңда «Ақдала Өтес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабынан 5 гектар суармалы жер алып, оның 4 гектарына картоп отырғызса, қалған егіс алқабына бақша өнімдерін еккен.

    Он саусағынан өнер тамған диқан 1995 жылдан бастап Бақбақты, Береке және Ақдала егіс алқаптарында бау-бақша өнімдерін егумен тұрақты айналысып жүр.

    Жұмысшымен арнайы сұхбаттасқанымызда ол: «Кез келген өнімнің жемісті болуының сыры оны күтіп-баптауында. Кәсібіңді жан қалауыңмен жүргізсең, қай саланың болсын шыңына шығуға болады», – деп, өз кәсібіне деген адалдығын ұғындырды.

    Иә, расымен де еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген Алтынғали сынды азаматты айтуға болады. Өйткені ол, қоғам тынысына дем беріп, бейнеті мол саланың шын шебері атанған жан. Жер-Ананың құт қойнауынан несібе теріп, диқаншылықтың астарында даналық жатқанын сезініп, өз кәсібінің биік белесін бағындырып жүрген еңбек сүйгіш азаматтың алдағы ісіне тек береке тілейміз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Бата алғанның бағы артар

    Бата алғанның бағы артар

    1 year ago
    Республика күні қарсаңында жұмысшылар мен еңбеккерлер марапатталды

    Республика күні қарсаңында жұмысшылар мен еңбеккерлер марапатталды

    4 months ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    1 year ago

    Заң бұзушылықпен күресті күшейтті

    2 years ago
    Көпір күрделі жөндеуден өтеді

    Көпір күрделі жөндеуден өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>