-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолайлы жағдай жасалған

    21.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Қолайлы жағдай жасалған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданына іссапармен келді. Алдымен Азат ауылындағы негізгі орта мектептің жай-күйімен танысты. Аталған мектеп 1923 жылы құрылып, қазіргі ғимараттары 1961-62 жылдары әртүрлі құрылыс материалдарынан салынған. Бейімделген алты ғимараттан тұратын мектеп 140 орынды. Асханасы жоқ, спорт залы шағын. Екі тілде білім беретін оқу орнында 2023-2024 оқу жылында 375 оқушы оқыса, былтырғы оқу жылында бала саны 429-ға жеткен. Мұғалімдер саны – 52.

    Аталған  бірқабатты ескі ғимарат бүгінгі заман талабына сай емес. Алдағы уақытта балалар кедергісіз білім алуы үшін Азат ауылында 300 орынды жаңа мектеп бой көтермек. Жаңа ғимараттың жобалық құжаты жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын да алған. Жоба бойынша үшқабатты ғимаратта робототехника, компьютер  кабинеттері, мультимедиялық кабинет, зертханалар, жабдықталған химия, физика, биология кабинеттері, кітапхана және медиатека, 10 мың орынды кітап қоймасы, шет тілі және информатика кабинеттері, кіші және үлкен спортзал, медициналық кабинет, шеберхана блогы, әдістемелік кабинет, психология кабинеті, техникалық қызметкерлер бөлмесі, 120 орынды асхана мен әкімшілік кабинеттердің барлығы қамтылады. Мектеп құрылысына әлі қаражат қарастырылмаған. Облыс басшысы осы мәселені жақын арада шешу қажеттігін ескертті. Бұдан бөлек, ауылда 2016 жылы бой көтерген №1 Азат орта мектебі де бар. Бүгінде онда 422 оқушы екі ауысымда білім алып жатыр. 300 орынға шақталған. Дегенмен, ауылда халық саны күннен-күнге өсіп келе жатқанын ескерсек, бүгінде Рахат ауылдық округіне қарасты кейбір саяжайлардағы балалар көрші Талғар қаласына қатынап, білім алып жүр. Себебі, саяжайлар Азат ауылынан гөрі Талғарға жақын орналасқан.

    Осы орайда жергілікті тұрғындардың ұсынысымен Азат ауылының 19 саяжайын Талғар ауданына қосу туралы мәселе көтерілген-ді. Елдімекен мәртебесі болмағандықтан бұл саяжайларға ауызсу, жол мен жарық сынды инфрақұрылымға бюджет қаржысы қарастырылмайды. Аймақ басшысы бүгінде 3000-ға жуық азамат тұратын, көрші ауданмен шекаралас жатқан саяжайлардың жағдайына толық сараптама жүргізіп, тұрғындар үшін барынша қолайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

    Төрт мыңнан астам тұрғыны бар Азат ауылында жаз айларында өткір мәселенің бірі – ауызсу. Оның себебі – 1974 жылы жүргізілген су құбырларының тозығы жеткен. Осы орайда желілердің 85 пайызын ауыстыруды көздейтін жоба дайындалған. Құны 2,15 миллиард теңгеге бағаланған жобаға сәйкес, ауызсу желісінің ұзындығы 29,3 шақырымға созылып, 2 жаңа резервуар, 2 су ұңғымасы, сорғы стансасының жаңа құрылысы салынбақ.

    Облыс әкімі ары қарай Балтабай және Бәйтерек ауылдарындағы Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін апатты жағдайда тұрған көпірлерді аралап көрді. Талғар өзені арқылы өтетін көпір құны – 1,41 млрд теңге, ұзындығы – 65,2 метр. Ал Түрген өзені арқылы өтетін көпір құны – 674 млн теңге, ұзындығы – 48,95 метр. Көктемгі тау суларының көтерілуіне байланысты су өткізгіш құрылысы істен шыққан бұл өткелдерді аймақ басшысы қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастауды тапсырды.

    Жаңа оқу жылы Төле би ауылының халқы үшін ерекше қуанышпен басталмақ. 450 оқушыға арналып жабдықталып жатқан үш қабатты жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде ішкі инженерлік жүйелері – жарық, жылу, су жүйелері 99 пайыз іске қосылған, вентиляциялық жүйесінің жұмыстары аяқталып қалған. Сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру, сырттағы спорт алаңын салу жұмыстары  жүргізілуде. Заман талабына сай салынып жатқан оқу орнында физика, химия, биология зертханалары толық  жабдықталып, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мол мүмкіндік жасалмақ. Мектептің жылу жүйесін табиғи газға қосу туралы да мәселе көтеріліп, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылатыны айтылды. 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстары биыл тамыздың аяғына дейін тәмамдалып, оқушылар оқу жылын жаңа мектепте бастамақ.

    Облыстық маңызы бар «Алматы – Талғар – Евгеньевка» Р-17 автожолының бойындағы ұзындығы 3,8 шақырым Алмалы ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары да аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. 1978 жылы төселген жолдың 700 шаршы метріне былтыр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттамасы әзірленіп, қорытындысы алынған. Тамыз айына жоспарланған жұмыстың құны 270 миллион теңгені құрайды.

    Облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданына іссапары барысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған барлық жобаның уақытылы қаржыландырылып, тиімді іске асуын  бақылау қажеттігін баса айтты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ  ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    3 months ago
    Шеңгелдіде Наурыз мерекесі қалай тойланды?

    Шеңгелдіде Наурыз мерекесі қалай тойланды?

    1 year ago
    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ

    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ

    10 months ago
    Заңсыз берілген 3500 гектар жайылымдық жер қайтарылды

    Заңсыз берілген 3500 гектар жайылымдық жер қайтарылды

    2 years ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>