-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ

    23.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Ұлттық мереке – Республика күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат марапатталды.

    Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, марапат алып, мерейі тасығандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мамандары, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. Атап айтсақ, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамыту­дағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаев бастаған бірнеше тұлғаға берілді. Ал «Отан» ордені Кардиохирургия және транс­плантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры С.Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалиннің өңіріне тағылды. Бұдан бөлек, І дәрежелі «Барыс» ордені ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары А.Рауға, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт­тік ұйымының әртісі Н.Өнербайға табысталды. Дәл осындай «Барыс» ордені басқа да салада көш бастаған мемлекеттік қызмет өкілдері мен білікті мамандарға ұсынылды.
    Мерекеге орай белгілі ғалым, мәдениет, білім саласының қайрат­керлері мен өндіріс мамандары «Парасат» орденінің иегері атанды. Олардың қатарында «Қазақстан авторлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры Б.Есенәлиев, Қазақ ұлттық өнер университеті­нің профессоры Х.Қалиламбекова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері К.Кемалов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры К.Матыжанов, «Мағжан» әдеби-көркем журналының бас редакторы Ж.Сүлейменов, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлт­тық драма театрының актрисасы Д.Темірсұлтанова бар.
    Елеулі еңбегімен, ерен ерлігімен танылған тағы бірнеше қызметкер «Құрмет», «Даңқ», «Айбын» «Ел бірлігі», «Еңбек даңқы», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» орден-медальдарымен марапатталды. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің көрнекті өкіл­деріне табысталды. Қазақ әдебиеті­нің көрнекті өкілдері, ақын-жазу­шылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстан­ның Халық жазушысы» атағына ие бол­ды. «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көр­нек­­ті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышеваға, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күй­ші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгі­лі әнші М.Ілиясоваға берілді. Соны­мен қатар биылдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы енгізілді.
    Биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшы­лардың мәртебесін асыруға, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілді. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Еңбек династияларын марапаттау дәстүрі биыл да жалғасын тапты.

    Қуаныш ТҰНҒАТАР

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Менің туым – менің мақтанышым» атты онлайн челлендж өтеді

    Алматы облысында «Менің туым – менің мақтанышым» атты онлайн челлендж өтеді

    2 years ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    2 years ago
    Қазақтың келіні

    Қазақтың келіні

    2 years ago
    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    2 years ago
    Құрылысқа қарқын қажет

    Құрылысқа қарқын қажет

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>