-13 °c
Qonaev
Friday, August 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қымыз – саулық негізі

    25.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қымыз – саулық негізі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз – қымыздың адам денсаулығына пайдасы мол. Қымыздың шипалық қасиеттері жайында көп айтылып та, жазылып та жүр. Оның құрамында С дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

    Бие сүті – ақуыздарға өте бай. Онда 80-ге жуық биологиялық белсенді қосылыстар бар.

    Қымызды арнайы ағаштан жасалған күбіде немесе мал терісінен тігілген мес деп аталатын ыдыста дайындайды.

    Қымызбен емдейтін алғашқы шипажай 1858 жылы Самара қаласынан 6 шақырым жерде ашылса, бие сүтін ем ретінде қолданған алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда құрылған.

    Бүгінде Жамбыл ауданында бие байлап, көпшілікке қымыз бен саумал ұсынатын орындар мен шаруа қожалықтары көбейіп келеді. Сондай кәсіп иесінің бірі – Жамбыл ауылының тумасы Еміл Карбозов. Ол ата кәсіптің абыройын арттырып жүрген азамат. Еміл 2019 жылы «Карбозов» шаруа қожалығын құрып, 5 биемен кәсібін бастаған.

    Ол Жамбыл ауылы маңындағы үлкен жолдың бойынан 10,5 гектар жерді заңдастырып алып, қора салып, бие сүтінен қымыз ашытып, тағамдану орнын ашады. Қымыз бен саумал ішуге келетіндер қатары күн санап артып, бүгінде сауын биелердің саны 19-ға жеткен.

    Мұнда табиғи таза өнімдер – құрт, май, кілегей дайындалады, қымызбен қатар шұбат та ұсынылады. Еңбекқор Еміл ағасы Ринатпен бірге осы кәсіп арқылы табыс көзін тауып отыр. Ринат – 25 жылдық тәжірибесі бар аспаз. Ол қонақтарға ет, қуырдақ, тағы басқа да ұлттық тағамдарды алға тартып, келушілердің көңілінен шығуда.

    Жалпы мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Келушілерге арналған бір қазақ үй, арнайы тапшан мен жайлы орындар бар. Құда күту, тілашар, тұсаукесер сияқты отбасылық шаралар да өткізіледі. Барлық мерекелік дастарқан ішімдіксіз өтеді, тек табиғи таза тағам ұсынылады.

    «Халқымызда «Ата кәсіп – елге нәсіп» деген жақсы қағида бар. Ата-бабаларымыз төрт түлік өсіріп, оның етін жеп, құрт, май, ірімшік, қатық, кілегейін тұтынып келген. Бұлар – денсаулыққа пайдалы табиғи өнімдер.

    Ауылда туып-өскендіктен, мал мен үшін таңсық емес. Нағашы атам Рыстай Сеңірбаев –  мал шаруашылығымен айналысқан жан. Мен де сол кісінің жолын қуып, малға жақын болдым.

    Алғашында саумал мен қымызды Кеген ауданынан тасып саттым. Кейін бие байлап, осы кәсіпті қолға алдым. Өйткені мал өсірсең – табысы көл-көсір болатынын түсіндім. Содан бері осы іспен айналысып келемін.

    Бүгінде кәсібімді кеңейтіп, сүт сатып алып, май шайқап, құрт пен ірімшік, кілегей дайындаймын. Келушілерге таза күйінде ұсынамын. Қымыз бен саумалға деген сұраныс жоғары. Таңертең 15-20 адам келіп, саумал ішіп, ризашылықтарын білдіреді.

    Қымыздың сапасы жайылымға байланысты. Жайлаудың шөбі бөлек, жазық жердің шөбі бөлек. Биелерге жүгері жемін күніне екі рет беремін, бұл сүттің құнарлы болуына әсер етеді.

    Маған басқа кәсіп қызық емес. Бие сауып, қымыз дайындау ұнайды. Ұлдарым жылқы бағып, құлын байлап, анасына көмектесіп жүр. Балаларымды жастайынан еңбекке баулып, келемін. Зайыбым Динара екеуміз осы кәсіп арқылы отбасын асырап отырмыз.

    Алдағы мақсатым – бие санын көбейтіп, қымыз бен саумалды ұлттық брендке айналдыру. Талпыныс табысқа жетелейді. Бұл – өмір шындығы.

    Мен өз кәсібімді мақтан тұтамын. Алдағы уақытта оны одан әрі дамытқым келеді. Өйткені ілгері басқан адамның ісі берекелі болады, өмір соны дәлелдеуде. Бәзбіреулер сияқты баюды мақсат етпеймін. Ел қатарлы адал еңбектің жемісін жеп, тұтынушылардың сеніміне ие болғым келеді», – дейді Еміл Абызұлы.

    Біз де өзгелерге үлгі болған еңбекқор азаматқа қораң малға, отбасың жанға толып, сәттілік серік болсын демекпіз.

    Тұрсынжан Тоқтасынов

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде

    Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде

    1 month ago
    Адамзаттың ақылманы

    Адамзаттың ақылманы

    4 days ago
    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    11 months ago
    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    1 year ago
    Заңнама және құқықтық ақпарат институтына қарасты Лингвистика орталығындағы іссапар

    Заңнама және құқықтық ақпарат институтына қарасты Лингвистика орталығындағы іссапар

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>