-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапалы интернетпен қамтылды

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Сапалы интернетпен қамтылды

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Байланыс саласындағы еліміздегі қанатқақты жобаның бірі Жамбыл ауданының Сарыбай би ауылынан басталды. Шалғайдағы елдімекенге жаңа технологияның енгізілуіне арналған таныстырылымға Астанадан ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, сондай-ақ Телекоммуникация комитеті, салалық басқарма басшылары келді. Шараға өңір жұртшылығымен бірге облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

    Ауылдың қақ ортасында орнатылған байланыс мұнарасының жанында министр мен басқарма төрағасы өңір басшысы мен тұрғындарға «Fixed wireless access» деп аталатын FWA пилоттық жобасының мән-маңызын түсіндірді. Базалық стансаның жұмы­сымен таныстырып, елімізде алғаш енгізіліп отырған заманауи техно­логияның артықшылықтарына тоқ­талды. Бұл жаңашылдықтың ең басты ерекшелігі – сапалы интернетпен бірге жылдам байланысты қамтамасыз етуі. Секундына 500 мегабит жылдамдықпен интернетке қосылатын құрылғы сымсыз байланыспен жұмыс істейді. Мәселен, бұған дейін әр үйге жеке-жеке сым тартылып келсе, енді барлық шаруа алақандай құрылғының көмегімен атқарылады, яғни үйіңізде модем болса жеткілікті, базалық стансамен арадағы дәнекер сол. Сала басшыларының айтуынша, бұл іс алдымен үш ай сынақ мерзімінде болады. Егер одан сәтті өтсе, онда өзге елдімекендер де осындай игілікке қол жеткізбек.
    – Бұл жобаны жүзеге асыру үшін біз алдымен «Қазақтелеком» ішінен «Ауыл телеком» еншілес компаниясын ұйымдастырдық. Ол тек қана ауылдармен айналысатын болады. Мұндай қадам қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті төмендету мақсатын көздейді. Ауылдық өңірлерден Алматы облысын таңдап алдық. Компания қоймасында қазір осындай 120 базалық стансаның құрал-жабдығы дайын тұр, соны таяу уақытта ауылдық елдімекендерге орна­тып, тұрғындарға толық әрі сапалы интернет ұсына аламыз. Оған қажетті инвестициялық мүмкіндігіміз бар, тек қана министрлік және әкімдіктермен бірер сұрақты шешіп алсақ болғаны. Себебі стансаларды орналастыру үшін жер телімдері керек, одан басқа да энергетика, эфирлік жиілік сияқты ресурстарға қатысты сұрақтар туындап тұр. Бұл мәселелер өзара түсіністікпен оңды шешілеріне сенемін. Өйткені ауыл халқына сапалы байланыс қызметін көрсету – ортақ міндетіміз, – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Батырбекұлы тілшілерге берген сұхбатында.
    Айтуынша, сандық байланыстың жаңа технологиясының енгізілуі әр үйге сымды оптика тартатын тәсілдің ескіре бастағанын көрсетеді. Сарапшы мамандардың зерттеп-зерделеуінің нәтижесінде берген ұсынымы бойынша осындай технология таңдап алынып, тестілеуден өткізілген. Қазір бұл жүйеге Сарыбай би ауылында 106 абонент қосылып, оларға 300-500 мегабит аралығында интернет жылдамдығы жеткізілуде. Мұндай жылдамдық қазір тіпті қалада жоқтығы айтылды. Елдімекенде бұған дейін 129 үй бұрынғы тәртіппен қосулы болатын. Жүйені жаңғыртудың арқасында соның басым көпшілігі жаңа жоба аясында сымсыз жылдам интернетке ауыстырылды. Бұл байланыс сапасын едәуір жақсартты. Сымсыз кеңжолақты қосылу ісі 3500-дей тұрғыны бар елдімекенде бұдан әрі өрістетіліп, таяу уақытта осы маңдағы тағы 3 ауыл қамтылмақ. «Ауыл телеком» компаниясы биыл облыстың 100 ауылын жоғары жылдамдықты жүйеге қосып, тұрғындарын заманауи интернетке қол жеткізуді жоспарлап отыр. Одан кейінгі кезекте бұл істі Түркістан, Жамбыл облыстарында жалғастырып, кезең-кезеңмен өзге аймақтарды қамту көзделген.
    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2027 жылға дейін елдегі барлық шалғай елдімекен сапалы интернетпен толықтай қамтылатынын жеткізді.
    Кездесуде ауыл ақсақалы Самат Рахымбеков облыс және сала бас­шыларына тұрғындар ризашылығын білдірді. «Қазіргі заманның бүкіл тіршілігі байланыс құралдарына байланып қалды ғой. Өркениет көшінен қалмау үшін ол да бір қажеттілік. Мұны ұрпағымыздың заман талабына сай көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін жасалып жатқан игілік деп түсінемін. Ғаламторды жоғары жылдамдықпен жеткізетін озық дүниенің біздің ауылдан басталғанына облыс әкіміне және сіздерге рақмет! Қызмет тізгінін ұста­ған өздеріңдей білімді жастардың жаңа технологияның артықшылығын қазақтың жалпақ тілімен бізге жақсылап ұғындырып бергендеріңе ризамын. Жалпы, барлық министр осылай мем­лекеттік тілде жатық сөйлеуі керек», – деген базынасын да жасырмады.
    Бұдан соң мәртебелі қонақтар Жамбыл көшесіндегі Бейсен Ошантаев ақсақал мен Тұрсын Әшімова апаның шаңырағына бас сұғып, отбасы мү­шелерімен тілдесті. Ғаламтор қолда­нушысы ретінде осы үйдің келіні Сандуғаш Жайлыбаеваны сөзге тарттық. «Өзім мектепте мұғалім болғандықтан, интернетпен тұрақты жұмыс істеймін. Байланыстың дұрысталғаны бізге өте қолайлы болды. Жылдамдығы өте жоғары, тәулік бойы іркіліссіз қосулы, ноутбукпен, телефонмен, теледидармен де қалаған уақытта керекті ақпаратты іздеп тауып, қызықты дүниені көріп, қажетті бағдарламаға кіре аламыз. Төрт оқушы балам бар, олар да мұны сабаққа пайдаланады. Бағасы да қолжетімді екен. Алғашқы 3 ай бойы тегін қолданамыз, одан кейін айына 6 мың теңге көлемінде ақы төлейміз», – дейді бастауыш сынып мұғалімі, көпбалалы ана Сандуғаш Мелісқызы.
    Облыс әкімдігінің қолдауымен бастау алған тың тәсілдің тиімділігіне қашанда жаңалыққа жаны құмар ауыл жастары алдымен көз жеткізіп, бірегей бастаманы қуана қолдап отырғаны байқалды. Осындағы Қарасу орта мектебінің 11-сынып оқушысы Тоғжан Әлиева 5G интернеті қосылғалы қосымша платформаларға да кіруге, ҰБТ-ға дайындалуға да өте ыңғайлы екенін айтады.
    Сапар соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Жаслан Хасенұлы бірнеше абонент иесіне естелік кәдесыйын тапсырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Спорт журналистикасы мектебі

    Спорт журналистикасы мектебі

    1 year ago
    Қонаевтың 12 қасиеті

    Қонаевтың 12 қасиеті

    6 months ago
    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 

    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 

    3 weeks ago
    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    2 years ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>