«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы Алатау қаласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында қала көшелерінің бойындағы қоғамдық көлік аялдамаларының айналасы қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға назар аударылды.
Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық орындарға деген жауапкершілігін арттыру.
Тазалық – тек әр адамның өз үйінен басталатын ұғым ғана емес. Ол көшелерден, аулалардан, аялдамалардан және күнделікті пайдаланатын қоғамдық орындардан көрініс табуы тиіс. Қоғамдық орындарды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.
Осы ретте тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоқысты белгіленген орындарға тастауға, аялдамалар мен көшелердің тазалығын сақтауға шақырамыз. Әрбір азаматтың жауапкершілігі мен мәдениеті қаламыздың көркеюіне тікелей ықпал етеді.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Таза қала әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады!
Қалдықыз ЕСЕНБАЕВА
Алатау қаласы
