Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Цифрлық технологиялар – өркендеудің жаңа мүмкіндігі

Цифрлық технологиялар – өркендеудің жаңа мүмкіндігі

31 қаралым

Цифрлық технологиялар қазіргі қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу және қажетті ақпаратты іздеу электронды платформалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға басымдық берілуде. Электронды қызметтердің қолжетімділігі мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жеңілдетеді. Сонымен қатар цифрлық шешімдер кәсіпкерлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан заманауи технологияларды меңгеру – уақыт талабы әрі болашаққа бастайтын маңызды қадам.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑