Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Сапалы өнім»: 9 айда өнім сапасына қойылатын талаптардың 136 рет бұзылғаны анықталды

«Сапалы өнім»: 9 айда өнім сапасына қойылатын талаптардың 136 рет бұзылғаны анықталды

134 қаралым

Алматы облысында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» ситуациялық штабының жұмысы жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша штаб жұмысы аясында 156 өнім бірлігі сатып алынды. Жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижесінде 136 жағдайда белгіленген талаптардың бұзылуы анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда:110 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 10 410 275 теңге айыппұл салынды;12 материал МОР-ға жолданды;2 сәйкестік декларациясының қолданысы тоқтатылды.14 жағдайда бұзушылықтар расталмады, тағы 18 материал қаралу сатысында.

«Сапалы өнім» ситуациялық штабының жұмысы кәсіпкерлердің сатылатын өнімнің сапасына деген жауапкершілігін арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және тұтынушылар үшін тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сапасыз өнімдерді анықтау және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заңнамада көзделген шараларды қабылдау жұмыстарын жалғастырады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Д.Сенбаева

↑