Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Оқу курсы үшін тұтынушыға 119 мың теңге қайтарылды

Оқу курсы үшін тұтынушыға 119 мың теңге қайтарылды

128 қаралым

Алматы облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғыны оқу курсы үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша жүгінді. Тұтынушы оқу курсының ақысын төлегенімен, қызмет көрсетушімен туындаған дауды өз бетінше шеше алмаған.

Өз құқықтарын қорғау мақсатында азамат Департаментке жүгінді. Департамент мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәртібін түсіндіріп, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жәрдем көрсетті.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 119 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат қайтарылды.

Өтініш беруші көрсетілген көмек, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және тұтынушылық дауды реттеуге жәрдемдескені үшін Департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Департамент оқу қызметтеріне ақы төлемес бұрын шарт талаптарын, қызмет көрсету тәртібін және ақшалай қаражатты қайтару шарттарын мұқият зерделеуді еске салады. Құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылар консультациялық және құқықтық көмек алу үшін аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Д.Сенбаева

↑