Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қызмет көрсетілмеді, ақша қайтарылмады: тұтынушыға 280 мың теңге қайтарылды

Қызмет көрсетілмеді, ақша қайтарылмады: тұтынушыға 280 мың теңге қайтарылды

114 қаралым

Алматы облысында тұтынушыға көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін төленген ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді. Сонымен қатар қызмет көрсетушіге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Өңір тұрғыны ағылшын тілі курсы үшін 280 000 теңге төлеген. Алайда білім беру қызметтері белгіленген мерзімде көрсетілмей, қызмет көрсетуші төленген ақшалай қаражатты қайтармаған.

Мәселені өз бетінше шеше алмаған тұтынушы Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Департамент мамандары өтініш берушіге оның құқықтарын түсіндіріп, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жәрдем көрсетті. Қызмет көрсетушіге сотқа дейінгі наразылық тиісті тәртіппен жолданып, табысталғанына қарамастан, тұтынушының талаптары белгіленген мерзімде қанағаттандырылмаған.

Өтініш негізінде Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде тұтынушының талаптары қанағаттандырылып, 280 000 теңге толық көлемде қайтарылды. Сонымен қатар қызмет көрсетушіге қатысты айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды.

Департамент еске салады: егер қызмет көрсетуші ақысын төлеген қызметті көрсетпесе, шарттық міндеттемелерін орындамаса немесе ақшалай қаражатты қайтарудан бас тартса, тұтынушылар өз құқықтарын қорғау үшін аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Д.Сенбаева

↑