-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәдениеті озық елдің рухы биік

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мәдениеті озық елдің рухы биік
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Өнер мен мәдениет – елдің өркениетін көрсететін аспекті. Яғни, ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті. Мәдениеті мықты дамыған елдің еңсесі биік болары сөзсіз. Ширек ғасырдан астам уақытта Астана еліміздің саяси орталығы ғана емес, өнер мен мәдениеттің ордасына айналып үлгерді. Сөзіміздің дәлелі ре­тінде, елордамыздағы еңсесі биік мәдени орталықтарға аздап тоқталып өтуді жөн көрдік.

    Байтақ елдің бас қаласының мәдениет ошақтары сәулеті мен сәні жағынан әлемдік деңгейдегі өнер ғимараттарымен тең түспесе, кем соғып тұрған жоқ. Соның бірі һәм бірегейі – Қалибек Қуанышбаев атындағы ұлттық академиялық қазақ музыкалық драма театры. Аталған өнер орталығы алғаш рет 1991 жылы 15 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен шымылдығын ашты. Ал 1993 жылы Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдығы құрметіне орай театрға актер есімі берілді. 2011 жылы 14 желтоқсанда өнер ордасына «академиялық театр» мәртебесі, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына ұлттық мәртебе берілді.
    Бүгінде елдің бас қаласының көз тоймас жауһарына айналған тағы бір өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры. Есілдің сол жақ жағалауында орналасқан бұл өнер ордасының сыртқы көрінісі кез келген адамды өзіне қаратып қана қоймай, тамсандырып, таңдай қақтырары анық. Аса талғампаз шеберлердің қолынан шыққан театрдың ішкі құрылымы да толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Ал театрдың талантты труппасының репертуары сан алуан. 2013 жылы пайдалануға берілген өнер ордасы өзінің алғашқы теарт маусымын М.Төлебаев осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын жазған «Біржан-Сара» операсымен ашқан болатын. «Астана Опера» театры Миландағы «Ла Скала», Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера» және Мәскеудегі Үлкен театр секілді белгілі өнер шаңырақтары қатарынан орын алады.
    Алып алтын құс қанатын жоғары-төмен баяу қағады. Оның үстінде алтын шар ілініп тұр. Алыстан қарағанда төбедегі бұл екі экспонат Қазақстан туындағы фрагменттерді еске салады. Еліміздің бас қаласындағы Ұлттық мұражайға қадам басқан жан сондай әсерде болуы бек мүмкін. Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайы 2014 жылы қолданысқа берілді.
    Еліміздегі өнер саласын дамытып, жоғары кәсіби деңгейдегі музыканттар даярлау мақсатында 1998 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы құрылды. Өнердің сан-саласын қамтып, өрісі кеңейген оқу орны 2009 жылы Үкіметтің 12 қыркүйектегі қаулысына сәйкес «Қазақ ұлттық өнер университеті» атанды. Сөйтіп, 2010 жылы өнертану, хореография, кескіндеме, мүсіндеу, режиссура, операторлық өнер, сценография, мәдениеттану, өнертану және тағы да басқа шығармашылық мамандықтарды оқытуға жол ашылды. Осылай кемелденген өнер ордасының келешегін көрген талантты жастар еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға ағыла бастады. Қазіргі таңда бұл үлкен оқу орнының студенттері, магистранттары мен докторанттары көптеген халықаралық және рес­публикалық байқауда, мәдениет, өнер фестивальдары, олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Оған жарты әлемді жалт қаратқан таңғажайып өнер иесі, осы оқу орнының студенті Димаш Құдайбергеннің өзі дәлел болса керек.
    Мұнан өзге, «Конгресс-холл», Жастар сарайы, Президенттің мәдениет орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайын бас шаһардағы бірегей мәдениет орталықтарына жатқызуға болады. Кез келген мемлекеттің астанасы туралы айтылғанда, әрине, алдымен сондағы мәдени нысандар еске түседі.
    Жұрт солай таниды. Бір жағынан, бұл – жақсы үрдіс. Екінші жағынан, туризм үшін де таптырмайтын мүмкіндік.
    Кез келген қаланың мәдениетін сол жердегі мәдени нысандарға қарап, тануға болады. Әсіресе, театрлар мен мәдени орталықтардың орны бөлек. Қазір астана театрлары буыны қатып, кемелденіп, үлкен шаңыраққа айналған. Ондағы қойылымдар әлемдік сахналардан еш кем емес. Шығармашылық ұжымның әлеуеті де зор.
    Астана театрлары мен мәдени орталықтары озық елдердегі руханият ордаларынан бір мысқал да кем емес. Мәдениеті озық елдің әлем алдындағы бет бейнесі айқын болады. Қазақстан – жас мемлекет, Астана – жас қала. Сондықтан да Астана мәдениеті қазақ руханиятының алтын арқауы, күретамыры болуы – заңдылық!

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Сапалы білім – бүгіннен

    Сапалы білім – бүгіннен

    1 year ago
    Жыр алыбына тағзым

    Жыр алыбына тағзым

    1 year ago
    Бапкер Азат

    Бапкер Азат

    11 months ago
    Жылыту маусымы нәтижелі аяқталды

    Жылыту маусымы нәтижелі аяқталды

    3 months ago
    Жылыту маусымына дайындық

    Жылыту маусымына дайындық

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>