-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    NEET жастары арасында киберспорттан турнир өтті

    01.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    NEET жастары арасында киберспорттан турнир өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті.

    Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Қазына», «Алтын орда», «Сарыарқа» «Өжет» және тағы басқа базарлардан 30-дан астам ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорттан бірнеше чемпионаттардың жеңімпазы болған Бірім Аманов төрелік жасады.

    Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. Ойыншылар өздеріне ұнайтын командаларды иемденіп, сол арқылы компьютер экранында ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол командалары ретінде «Манчестер Сити», «Бавария», «Галатасарай», «Интер Майами», «Челси» сияқты үздік клубтарды таңдап, өздері «тізгіндеген» осы клубтар арқылы бір бірімен жарысты. Жарыстың тартыс болғаны соншалық – тұтқаны қос қолдарына мығым ұстаған ойыншылар алдарындағы экраннан көз алмады. Гол соққан сәтте қуанып сергіп қалған қатысушылар да, «қап әттеген-ай» деп сан соғып қалғандар да болды. Ең бастысы жеңілгендер жеңгендерді мойындап, жеңгендер жеңілгендерді арқадан қағып жұбатып жатты.

    Жарысқа қатысушылардың бірі Нұрхат Сармулдин турнир кезінде былай деп өз ойын білдірді. «Бір жылдары киберспортты құмар ойындар қатарына жатқызатынмын. Бұл ойым қате екенін кейін білдім. Киберспорттың олимпиадалық ойындар тізімінде екенін естігенімде алғашында сенбедім. Анық көзім жеткен соң осы спорттың ізіне түсіп, ойын дағдымды жетілдіріп келемін. Киберспорт адамды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа, алғырлыққа баулиды екен. Мұқият болмасаң аяқ астынан мүлт кетесің» дейді ол.

    Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Алтын орда” базарынан келген Самарбек Жәнібек иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Алтын орда” базарының тағы бір ойыншысы Мұстафа Әбдірасылға бұйырып, 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Өжет” базарының ойыншысы Нұрлан Ілияс пен “Қазына” базарының намысын қорғаған Ринат Алибеков 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады. Жеңімпаздарға сертификаттар мен медаль, кубоктарды турнирдің құрметті қонағы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Талғар аудандық филиалының директоры Айдос Қалжанов табыс етті.

    Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен турнирлер өткен болатын. Бүгінгі киберспорт жарысы осы жоба аясында өткен үшінші турнир. Алдағы уақытта волейболдан, баскетболдан турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

    Ұсынымдар

    «Премиум» балабақша ұжымы АЭС құрылысын қолдайды

    «Премиум» балабақша ұжымы АЭС құрылысын қолдайды

    9 months ago
    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    1 year ago
    Білімдегі бетбұрыс

    Білімдегі бетбұрыс

    6 months ago
    Биік меже, айқын мақсат

    Биік меже, айқын мақсат

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>