-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «Оқитын ұлт» идеясы: Ұлттық кітапхананың жаңа миссиясы

    18.07.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Руханият
    «Оқитын ұлт» идеясы: Ұлттық кітапхананың жаңа миссиясы
    0
    SHARES
    45
    VIEWS

         Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 115 жыл толып отыр. Ғасырдан астам уақыт бойы бұл руханият ордасы елдің мәдени, зияткерлік және рухани дамуына зор үлес қосып келе жатқан іргелі мекеме саналады. Оқырман мен кітаптың алтын көпіріне айналған Ұлттық кітапхана бүгінде заманауи талаптарға сай жаңғырып, «Оқитын ұлт» идеясын іске асыруда ерекше белсенділік танытып келеді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы – қазіргі қазақ қоғамының зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл идеяны жүзеге асыру жолында ҚР Ұлттық кітапханасы да өз миссиясын терең түсініп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі шараларды жүзеге асырып келеді.

    Ел руханиятын жаңғырту бағытында қолға алынған ауқымды жобалардың бірі – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы Қариннің бастамасымен жүзеге асып жатқан «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы. Бұл – тек тізім ұсыну емес, бұл – ұлттың талғамын, рухани бағдарын, тарихи жады мен қазіргі дүниетанымын айқындайтын маңызды мәдени акция. Оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, ел ішіндегі әдеби үдерісті бағалау мен болашаққа бағыттайтын бірегей жоба.

    Ұлттық кітапхана осы бастаманың ақпараттық-ұйымдастырушылық тірегіне айналып, «100 кітап» сауалнамасын қоғам арасында кең көлемде насихаттау ісіне барынша белсене қатысуда. Әлеуметтік желілерде, ақпараттық порталдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар ашылып, сауалнамаға енгізілген кітаптар туралы шолулар, талдау материалдары, оқырман пікірі, бейнероликтер мен әдеби эсселер жарияланып келеді. Бұл – жобаға тек ақпараттық қолдау ғана емес, оны қоғамның мәдени өмірінің бөлшегіне айналдыру жолындағы жүйелі жұмыс екені анық.

    Бүгінгі таңда кітапхана ұжымы оқырманға қызмет көрсетудің дәстүрлі тәсілдерімен ғана шектеліп қалмай, бүкіл қоғамды кітап оқу мәдениетіне тарту, әсіресе жастардың назарын кітапқа аудару үшін заманауи формалар мен мазмұндарды батыл енгізіп отыр. Ұйымдастырылып жатқан түрлі кітап көрмелері, әдеби кештер, авторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, подиум-сұхбаттар сондай-ақ интеллектуалдық ойындар мен челлендждер – барлығы да кітапхана қызметінің кең өрісті, көпқырлы болып отырғанының дәлелі.

    Сонымен қатар цифрлық дәуірдің талаптарына бейімделу – қазіргі Ұлттық кітапхананың негізгі басымдықтарының бірі. Instagram, Facebook, Telegram секілді әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіліп, оқырманмен тұрақты байланыс орнатылған. Мұнда кітап таныстырылымдары, кітапхана қорындағы сирек кітаптармен таныстыру, әдебиеттанушылар мен жазушылардың шолуы, сондай-ақ жас оқырмандардың пікірлері мен ұсыныстары жүйелі түрде жарияланып тұрады. Бұл – кітапхананың қоғаммен өзара байланысының жаңа форматы ғана емес, оқырман санасын тәрбиелеудің де тиімді жолы.

    Бүгінде кітапхана – жай ғана кітап сақтайтын орын емес, ұлттың зерде орталығы, рухани сұхбат кеңістігі. Оқырман үшін кітап тек ақпарат көзі ғана емес, ішкі дүниесін байытатын, танымын тереңдететін, ұлтты ұйыстыратын құндылыққа айналып отыр. Ұлттық кітапхана осы бағытта руханияттың ұстынына айналып, елдің рухани болмысын сақтап, жаңғыртып келеді.

    Ұлттың болашағы – оның ойлы, парасатты, білімді ұрпағында. Ал білім мен парасаттың бастауы – кітап пен кітапхана. Ұлттық кітапхана – осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың идеологиялық және мәдени тірегі ретінде халыққа қызмет етуді жалғастыра бермек. Ал «100 кітап» жобасы – тек бүгіннің емес, ертеңгі рухани дамудың да алтын арқауы болары сөзсіз.

     

    ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітап» атты жобасына орай ұсынатын кітаптар тізімі

              БАЛАЛАР  ӘДЕБИЕТІ           

    1. Мұзафар Әлімбаев, ««Балдәурен
    2. Сұлтан Қалиұлы, “Қайсысы күшті?”
    3. Болат Үсенбай, “Киікоты”
    4. Нұрдәулет Ақыш, “Нағыз әже қайда?”
    5. Арасанбай Естен, “Әліппемен қоштасу”
    6. Ділдәр Мамырбаева, “Қош бол, балалық”
    7. Бейбіт Сарыбай, “Рауғаш ерте гүлдейді”
    8. Заря Жұманова, “Ақбота”
    9. Елдос Тоқтарбай, “Тау құсы”
    10. Мейіржан Жылқыбай, “Тауға саяхат”

              ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ

    1. Мұхтар Әуезов, “Көксерек”
    2. Сайын Мұратбеков, “Дос іздеп жүрмін”
    3. Қаржаубай Омарұлы, “Әке”
    4. Мақшар Гумеров, “Ортаншы ұл”
    5. Тынымбай Нұрмағанбетов, “Үшінші кластың жетекшісі”
    6. Дулат Исабеков, “Дермене”
    7. Қуандық Түменбай, “Каникулды күткен қыз”
    8. Бердібек Соқпақбаев, “Балалық шаққа саяхат”
    9. Шерхан Мұртаза, “Ай мен Айша”
    10. Мұхтар Мағауин, “Қазақ тарихының әліппесі”

    ОТБАСЫМЕН БІРГЕ ОҚИЫҚ

    1. Кемел Тоқаев, “Түнде атылған оқ”
    2. Қасым Аманжол, “Дариға қыз”
    3. Оралхан Бөкей, “Кербұғы”
    4. Оспанхан Әубәкір, “Жасыратын не бар?”
    5. Шәрбану Құмарова, “Құлжа жолы”
    6. Күләш Ахметова, “Сен менің бақытымсың”
    7. Мархабат Байғұт, “Әкімнің әйелі”
    8. Сәуле Досжан, “Өмір бәйтерегі”
    9. Бибігүл Иманғазина, «Тауқымет»
    10. Момбек Әбдіәкімұлы, “Сүлеймен қарақшы”

              ПОЭЗИЯ

    1. Жәркен Бөдешұлы, “Санадағы сарын”
    2. Өтежан Нұрғалиев, “Соғыстың соңғы жазы”
    3. Еркін Ібітанов, “Хантәңірі қайдасың?”
    4. Есенғали Раушанов, “Қарабауыр қасқалдақ”
    5. Темірхан Медетбек, “Көк түріктер сарыны”
    6. Гүлнар Салықбай, “Кешіріңдер келгенімді өмірге”
    7. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, “Ырауан”
    8. Светқали Нұржан, “Көкірегім көне кітап”
    9. Ерлан Жүніс, “Хауас”
    10. Иранбек Оразбаев, “Қорқыттың көрі”

              ЕРЕСЕКТЕР ӘДЕБИЕТІ  

    1. Сәкен Жүнісов, “Аманай мен Заманай”
    2. Қабдеш Жұмаділ, “Жан мен тән”
    3. Қалихан Ысқақ, “Күреңсе”
    4. Смағұл Елубай, “Қиямет-қайым ғасыры”
    5. Тұрысбек Сәукетай, “Мен жындымын”
    6. Жүсіпбек Қорғасбек, “Жансебіл”
    7. Жадыра Шамұратова, “Секундтар арасындағы шексіздік”
    8. Айзада Рақыш, “Мұз үстіндегі қызғалдақ”
    9. Мақсат Рамазанұлы, “Абыл мен Қабыл”
    10. Қанат Әбілқайыр, “Ағыраптағы аты жоқ адам”

              ҒЫЛЫМИ-ӘЛЕУМЕТТІК ӘДЕБИЕТ

    1. Медеу Сәрсеке, “Қазақтың Қанышы”
    2. Дінмұхаммед Қонаев, “Ақиқаттан аттауға болмайды”
    3. Қажығұмар Шабданұлы, “Қылмыс”
    4. Мекемтас Мырзахметұлы, «Абайтану»
    5. Қойшығара Салғарин, “Адамзат өткен ұзақ жол”
    6. Қасымхан Бегманов, «Этногрофпен әңгіме»
    7. Марат Қабанбай, “Қазақ қайда барасың?”
    8. Герольд Бельгер, “Плетеные чепухи”
    9. Ақселеу Сейдімбек, “Қазақтың ауызша тарихы”
    10. Бауыржан Омарұлы, “Шеге құм”

    Ғазиза Құдайбергенқызы,

    ҚР Ұлттық кітапханасының директоры

    Ұсынымдар

    Уақыт жебесі

    Уақыт жебесі

    1 year ago
    Татулық тірегі

    Татулық тірегі

    11 months ago
    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    2 years ago
    Көрнекі сурет

    Экологияны бүлдірген әкімге айыппұл салынды

    2 years ago
    Шалғайдағы шаруаларға арналды

    Шалғайдағы шаруаларға арналды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>