-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Төл тарихымызды түгендей білсек

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Парламент
    Ауқымды істер мекені
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «AMANAT» партиясының «Алатау аманаты» жобасы  өлкеміздің тау туризмін дамытумен  бірге, өткенін жаңғыртуға да серпін бермек. Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым, Бақытжан Базарбек бастаған депутаттар тобы аталған бағдарламадағы гастрономиялық және этномәдени туризм орындарының бірі саналатын «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына атбасын бұрды. Музейдің тыныс-тіршілігімен танысқан халық қалаулылары тақырыптық экспозициялық  залдарды  аралады.

    Ең әуелі музей директоры Гүлмира Мұхтарова елордадан келген мәртебелі меймандарды тарихи құнды экспонаттармен таныстырып, жүзеге асып жатқан жаңа жобалар жайлы мағлұмат берді. Оның айтуынша, музейде Алтын адаммен бірге табылған түпнұсқа бұйымдар, оларды зерттеген, қалпына келтірген ғалымдар мен реставраторлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер сақталған. Сонымен қатар, музей-қорық экспозициясында қола дәуірден бастап орта ғасырларға дейінгі аралықты  қамтитын жәдігерлер бар. Қазір «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Германия, Дания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея сынды елдермен бірлесіп, ғылыми зерттеу, археологиялық қазба жұмыстарын  жүргізуде. Өз сөзінде музей басшысы жүйелі жұмыс жүргізуге кедергі болатын жайттардың  барын да жасырмады.

    –  2023  жылдан  бері қорық ғимараты жанынан Сапар орталығы салынып жатқан болатын. Қазір қаражаттың жоқтығына байланысты құрылыс жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан тиісті қаржы көзі қарастырылып, құрылыс толық аяқталса деген ниеттеміз. Сондай-ақ Талхиз қалашығын қорғау, барлау, бақылау, зерттеу жұмыстарына  қолдау көрсетілсе деген ойдамыз. Алтын адамның қаңқа сүйегін музейлендірсек деген жоспарымыз да бар. Қорық-музейінің қарамағындағы Рахат қалашығынан этноауыл салуды да көздеп отырмыз. Мұның барлығы төл тарихымызды  танып-білуге зор мүмкіндік береді, – деді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Гүлмира Мұхтарова.

    Халық қалаулылары Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының өзі « Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек. Тарихи-мәдени мұра санатына кіретін нысандарға реставрация жасау ісін ретке келтіретін шараларды күшейткен жөн», – деп шегелеп тұрып тапсырғанын айтты. Соңында  мәжілісмендер  халқымыздың мәдени мұрасын, тарихи жәдігерлерін сақтау, оларды көпшілікке насихаттап отырған мұражай ұжымына алғыстарын білдіріп, жауапты министрлікке  арнайы сауал жолдап, мәселені оңды шешуге ықпал етуге күш салатындарын жеткізді.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ  ауданы

    Ұсынымдар

    2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

    2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

    2 months ago
    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтеді

    12 months ago
    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    2 years ago
    Ақ кимешек көрінсе…

    Ақ кимешек көрінсе…

    5 months ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    АЭС құрылысы: Қазақстан халқы бүгін таңдау жасайды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>