⛅
5°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    25.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
    0
    SHARES
    71
    VIEWS

         Қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуы – елдің өркендеуінің басты шарттарының бірі. Алатау қаласында да бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру – күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі.

    Әрбір тұрғын өз құқығын білумен қатар, өзіне жүктелген міндеттерді де орындауы қажет. Заңдарды сақтау – тек мемлекеттік органдардың емес, барша азаматтардың ортақ парызы. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, көршілермен сыйластықта өмір сүру, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, жол қауіпсіздігін сақтау – бұлардың барлығы жай ғана ережелер емес, ортақ өмір сүру мәдениетінің негізі.

    Алатау қаласының Ішкі саясат бөлімі мен құқық қорғау органдары тұрғындар арасында заңнаманы түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі кездесулер, семинарлар, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті мектептер мен  жастарға құқықтық тәрбие беру шаралары ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

    Қала тұрғындарына прокуратура және ішкі істер органдары тарапынан құқықтық кеңес алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Бұл — халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді арттыруға бағытталған оң қадам.

    Алатау қаласының әрбір тұрғыны заңды құрметтеп, тәртіпті сақтау арқылы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа өз үлесін қоса алады. Заңға бағыну – бейбіт өмірдің, әділетті қоғамның кепілі.

    Молдабаев Қанат

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    8 months ago
    Еңбек адамы құрметке лайық

    Еңбек адамы құрметке лайық

    10 months ago
    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    1 year ago
    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    2 years ago
    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>