-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жазғы демалыс

    баланың дамуына арналған

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Туризм және саяхат
    Жазғы демалыс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Жазғы демалыс – мектеп оқушылары үшін асыға күтетін кезең. Бұл уақыт – тек тынығу емес, сонымен қатар баланың тұлғалық, рухани және физикалық дамуына таптырмас маңызды мүмкіндік. Ата-ана мен қоғам жаз мезгілін тиімді пайдаланып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі тиіс.

    Жақында интернет кеңістігінде халық қызу талқылаған пікірдің бірі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің балалардың жан-жақты дамуында жазғы демалыстың әсері туралы айтқан ойы болды. Бір жылдары еліміздегі білім саласын тізгіндеген экс-министрдің ­
    «…өзім ата-ана ретінде балалар жазда міндетті түрде кітап оқуы керек деп санаймын. Сондай-ақ олар жазғы уақытта қатысып жүрген үйірмелерінен қол үзбеуі тиіс. Балалар дамуын тоқтатпай, білімін жалғастырып отыруы қажет» деген пікірін құптап, «Үш ай жазда кітап бетін ашпаған балалар оқу жылы басталғанда аспаннан түскендей, ауыздары ашылып отырады, жазу-сызуды мүлде ұмытады», – деп ұстаздар жағы дабыл қағыпты. Ал ойын білдіргендердің бір бөлігі «Жазғы демалыс балаларға демалу үшін беріледі», «Үш ай демалыста балалар «поляға» шығып, жұмыс істейді, ақша табады. Кітапқа қарайтын уақыт жоқ», «Күннің ыстығында қайдағы үйірме?» дегендей пікір жазыпты. Сонымен қатар «Жазғы демалыс уақытын қысқарту қажет, тым ұзақ. Үш ай бойы үйде балаларға қарап отыратын адам жоқ» деген пікірді де көзіміз шалды. Мұның бәрін жазып отырған – қарапайым халық. Демек, бұл пікірлер бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірсыпырасынан хабар береді.
    Жаз болса, базар жағалап, сауда-саттық жасап жүретін, арба сүйреп, жүк таситын балаларды жиі көреміз. Әлеуметтік желілерде «Жер қазамыз, кірпіш қалаймыз, қабырға сылап, әктейміз», «Жеміс-жидек тереміз, бау-бақшаға қараймыз» дегендей хабарландыруларды да жасөспірімдер беретінін байқап жүрміз. Әрине, баланың еңбекке ерте араласуы дұрыс-ақ. Әрі әр саладағы тәжірибе өмір жолында артық болмасы тағы анық. Бір кәсіптің әліппесін танып алса да, өмірлік сабақ. Десе де, еңбекке баулуда баланың жасын, ақыл-ойы мен физикалық мүмкіндіктерін де ескеру керектігі ұмыт қалып, шектен шығуға болмайды. Еліміздегі «Еңбек кодексіне сәйкес 14-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге тек 4 сағат қана жұмыс істеуге болады. Онда да еңбек шартына ата-анасы отырады, яғни үлкендердің бақылауында болуы керек. Ал 16-18 жастағылар жұмыс берушімен арада 6 сағаттық қызметке еңбек келісімшартын жасауға мүмкіндігі бар. Дегенмен бұл жас ерекшелігі де, жұмыс уақыты да сақталмай, тіпті балалар істеген жұмысына тиісті еңбекақысын да толық ала алмай қалатын жайттар жиі кездеседі. Бұл жерде бала еңбегін заңсыз пайдалану, балалардың құқығы мен қауіпсіздігі сынды мәселелердің шеті шығады.
    Қауіпсіздік демекші, күн жылына 112 құтқару қызметінен телефонымызға балалардың қауіпсіздігі туралы хабарламалар күнде келіп жатқанына қарамастан, оқыс оқиғалар азаймай тұр. Ата-ананың қарауынсыз су айдындарында, жолда мерт болған, тіпті терезеден құлап, қаза тапқан балалар туралы ақпарат аз емес. Әке-шеше жұмыста болғанда балалар күн ұзақ үлкендердің қарауынсыз қалады. Олардың немен айналысып, бос уақытын қалай өткізіп жатқаны беймәлім. Бұл уақыт бала тәрбиесінде орны толмас үлкен бос кеңістік күйінде қала бермек. Ал одан сорақысы – балалар бұл кеңістікті телефондағы түкке пайдасы жоқ түрлі қоқыс дүниемен толтырып жатқаны. Оның ішінде ұлттық тәрбие, ұлттық болмысқа кереғар, сананы улар сандырақ пен баланың ақыл-ойына ғана емес, оның сезімі, адами қасиеттері мен мінезіне де кері әсерін тигізер кесір дүние көп-ақ. Осы орайда тәлім-тәрбиенің түп-төркіні үлкендер екенін ескеріп, балаларды ата-әжесіне жіберіп жатамыз. Онда да үш ай немеренің соңынан жүретін ата мен әже бар ма екен бүгінде? Бұл – бөлек тақырып. Ал ата-әжесі жоқтар не істемек?
    Баланың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру маңызды. Бұл – тек ата-ананың ғана емес, қоғам алдындағы үлкен, әрі маңызды мәселе. Өйткені жазғы демалыс уақыты – 2-3 апта көлемі ғана емес, толық бір маусым. 90 күн бала телміріп теледидардың алдында отырса немесе күні-түні телефонын тастамай, төсектен тұрмай жатса, ертең дені сау, ойы озық, көкжиегі кең ұл-қыздардың орнына қоғамға түк пайдасы жоқ, ата-анаға масыл, жатыпішер, арамтамақтан басқа ешкім де шықпасы анық.
    «Болашақ – жастардың қолында» деп жиі ұрандатамыз, бірақ ертең ел тізгінін ұстар бүгінгі балалар екенін ескеріп, саналы да, сапалы ұрпақ өсіп шығуы үшін қам жасамаймыз.
    2024-2025 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдаған, яғни бүгінде 4 миллионға жуық бала жазғы демалысқа шықты. ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері жөнінде сөз сөйлеп, «2025 жылдың жазғы кезеңінде 3,2 миллион оқушыны сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен қамту жоспарлануда. Республикалық және өңірлік штабтар құрылып, балалар демалысын ұйымдастыру бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірленді», – деді. Сондай-ақ министрлік жоспарына сәйкес, оқушылардың жазғы демалысы үшін жыл он екі ай жұмыс істейтін – 16, маусымдық – 188, шатырлы және киіз үй түріндегі 512 лагерь, мектептердің жанынан 10 мыңнан астам лагерь құрылған.
    Лагерьге жіберілген балалар жаз бойы ол жақта жатпайтыны рас. Көп болса, бір-екі апта уақыт өткізеді. Ал қалған екі жарым айда бала тағы өзі қожа, өзі би болып, қараусыз қалмақ. Осы орайда ақылы лагерьлер туралы іздестіріп көрдік. Лагерьлердің бағасы бала басына он күнге 145 мың теңгеден басталып, 400 мыңға дейін барады екен. Бағасы лагерьдің орналасқан жері, бөлмелері, тамағы мен бағдарламасына қарай белгіленеді. Мұндай бағамен тұрмысы қарапайым ата-ана бір баласын 10 күнге лагерьге жіберу үшін ішіп-жемей, бір ай жұмыс істеуі керек екен. Әрине, қалта көтермеген соң баланың қолына телефонын ұстатып, сыртынан қамап, жұмысқа кетуден басқа таңдау жоқ сияқты. Осы орайда лагерьлерді бизнес нысаны ретінде қарастырмай, олардың әлеуметтік маңызын ескеріп, Үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе, қарапайым отбасының қалтасы көтеретіндей бағасы бақылауға алынса, бұл да болашаққа жасалған үлкен инвестиция болар еді.
    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, тәрбие отбасынан басталады. Балаңыздың ертең кім болатыны алдымен тікелей өзіңізге байланысты. Әрине, мұнда орта да, қоғам да, мемлекет те үлкен рөлге ие. Жеке аралда емес, бүтін бір қоғамда өмір сүріп жатқан соң олардың тікелей де, жанама да тигізер өз әсері бар. Десе де, дәл сіз балаңыздың болашағы жарқын болуы үшін көп нәрсе істей аласыз. Бала көргенін қайталайды. Үлгі болыңыз. Жұмыс көп, уақыт жоқ, бірақ соған қарамастан, балаңызға көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Ол немен айналысып жүр, қалауы, арман-мақсаты, қызығушылығы, әлдене туралы ойы, көзқарасы қандай? Ойын сұраңыз, пікір алмасыңыз, ақылдасыңыз, жол сілтеп, бағыт-бағдар беріңіз. Жақсы әдет қалыптастыру, тәртіп орнату да – тәрбие. Кітап оқу, спортқа, өнерге баулу, ғылымға қызықтыру, шығармашылық қырын дамыту, шет елге саяхаттамасаңыз да, табиғат аясына балалармен бірге шығып, айналасын тануға жәрдемдесіңіз. Қоғамдық жұмыстарға араластырып, әлеуметтік жауапкершілігін арттырыңыз.
    Жазғы демалыс – баланың жан-жақты дамуына таптырмас ерекше кезең. Сол үшін бұл уақытты мазмұнды өткізу – болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі.

    Құралай Мұратқызы

    Ұсынымдар

    Қазақ детективінің дарабозы

    Қазақ детективінің дарабозы

    4 months ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    АЭС референдумы күзде өтеді – Президент

    1 year ago
    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    1 month ago
    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    1 year ago
    Ақынмен бірге шаттанды

    Ақынмен бірге шаттанды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>