-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Журналистер еңбегі өлшеусіз

    03.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Журналистер еңбегі өлшеусіз
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай аудандық әкімдіктің кіші залында салтанатты жиын өтті. Шараға өңірдегі журналистер қауымы мен сала ардагерлері, облыстық «Райымбек» газеті мен аудандық «Қарқара» газеті редакциясының қызметкерлері қатысты.

    Кездесуді аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ашып, журналистер қауымының қоғамдағы орны ерекше екеніне тоқталды.
    – Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Мемлекетімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақытылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашанда жоғары. Алаштың ардақты азаматы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші, осы салада қызмет етіп жүрген жергілікті ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбектері өлшеусіз. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Өңір тынысымен халықты дер кезінде құлағдар ету бағытындағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер! – дей келе, елдің мұң-мұқтажын жеткізіп жүрген журналистерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімі қоғамдық ойды қалыптастыруда талмай қызмет етіп жүрген журналистерді Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.
    Басқосуда ұзақ жыл осы салада қызмет еткен қаламгерлер Марат Тақабаев, Келеке Құсайынов, Иемберді Тастанов, «Райымбек» газетінің бас редакторы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық «Қарқара» газетінің бас редакторы Лаура Мұхаметқали, Сырым Шыңғысұлы, Мира Мұраталиева, Жақсылық Нүсіпханұлы, Мақпал Шадан сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.
    «Райымбек» газетінің бас редакторы Шыңғыс Тұрсынов 15 жыл «Қарқара» газетінде қызмет істегенін айтып, журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес екенін тілге тиек етті.
    Ардагер-журналист Марат Тақабаев кезінде сыншы Сағат Әшімбаев, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың тәрбиесінен өткенін айтып, осы ізгі жолды жалғап, бүгінде ақпарат саласында еңбек етіп жатқан тілшілер қауымының жұмысына табыс тіледі.
    Жиын соңында журналистер қауымы аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлымен бірге естелік суретке түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев ауруханасында үздік тәжірибелер орталығы ашылды

    Қонаев ауруханасында үздік тәжірибелер орталығы ашылды

    2 years ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    2 months ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    Ұлттың үні

    2 days ago
    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    2 years ago
    Сынып жетекшінің міндеті зор

    Сынып жетекшінің міндеті зор

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>