-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

    28.06.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мереке
    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнінде Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында мерекелік іс-шара өтті. Облыстық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған аталған шарада өңірдегі жаңалық пен жақсылықты жұртшылыққа жеткізуде жақсы қызметтерімен ерекшеленген бірқатар журналиске марапаттар тапсырылды.

    Мерекелік басқосу басталар алдында шақырылғандар назарына облыс аумағындағы журналистердің тындырымды тірлігі, үздіксіз ізденісі мен шабытты шығармашылығы жайлы ауқымды көрме ұсынылып, экраннан бейнефильм көрсетілді. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен жалғаған облыс әкімнің орынбасары Нұржан Құдайбергенов журналистер қауымымен мереке күні кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, БАҚ-тың қоғам өміріндегі рөліне тоқталды. Алматы облысының жаңалықтарына жаршы болып жүрген тілшілердің есімдерін атап, республикалық БАҚ өкілдеріне әріптестік байланыстары үшін ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін ақтарды.

    – Өз кезегінде Алматы облысының БАҚ өкілдері өздеріне артылған міндеттерді абыроймен атқарып, ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп келеді. Мемлекет пен халық арасында алтын көпір бола білген сіздердің еңбектеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Бұл ретте бірқатар әріптестеріңіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғанын атап өту керек. Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Зәбира Сайділдинаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алуын облысымыздың журналистика саласына берілген жоғары баға деп айтуға болады. Осындай марапаттарыңыз көп болсын! Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Сондықтан осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңізде толағай табысқа жете берулеріңізге тілектестік білдіремін, – деді облыс әкімі.

    Құттықтау сөзінен кейін Нұржан Кеңесұлы бір топ БАҚ саласының қызметкеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі мен табыс етті. Сондай-ақ шарада бір топ журналистке облыс әкімінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның Алғыс хаты табысталды. Кәсіби мерекелері күні мерейлері тасыған журналистер атынан сөз алған «Хабар» агенттігі» АҚ «24kz» телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы әріптестерін құттықтаған соң, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін арнайы шақырып, құрмет көрсетіп отырған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, жырдан шашу шашты.

    Ерзат Асыл,

    Қонаев қаласы

     

     

    1 of 11
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    11.

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    2 years ago
    Облыстағы әр саланың үздіктері бір ұйым аясында бас қосты

    Облыстағы әр саланың үздіктері бір ұйым аясында бас қосты

    2 years ago
    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    2 years ago
    Жаңа бөлім ашылды

    Жаңа бөлім ашылды

    3 months ago
    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.