🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылыжай – бизнес көзі

    29.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жылыжай – бизнес көзі
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Өз кәсібін мейрамхана бизнесінен бастаған «Shakh Eco Food» компаниясы бүгіндері ауыл шаруашылығы бағытында да тың бастамаларымен танылып келеді. Қазіргі таңда ол жылы­жайда тұқым шаруашылығымен, көшет, көкөніс өсірумен, сондай-ақ сүт бағытындағы ірі қара малын, ет бағытындағы асыл тұқымды құс және балапан баптаумен айналысады. Бұл экологиялық таза өнімдердің барлығы өз мейрамханаларында қолданылады әрі тұтынушыларға да сатылады.

    Бұл – Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округі аумағында іске асырылып жатқан, жақсы ойластырылған, тұйық өндірістік циклінің көрінісі. Кәсіпорынның ресми тіркелген уақыты – 2022 жылғы наурыз айы, дегенмен жылыжай бизнесін жолға қою жұмысы әлдеқайда ертерек басталған.
    – 2020 жылы жалпы аумағы 4 гектарды құ­райтын жылыжай кешенін сатып алып, оны қияр мен қызанақ өсіруге бейімдеп, жөндеуден өткіздік, – дейді компания негізін қалаушы Гүлдана Жақсылықова. – Ісіміз сәтті жүріп жатқан соң, 2021 жылы қосымша 4,7 гектарлық жылыжай кешенін салып, 2023 жылы «Өңірді дамыту жол картасы» жобасы аясында тағы  6 гектарлық жылыжай тұрғыздық. Осылайша, кезең-кезеңімен сұранысқа ие жылыжай шаруашылығын дамытып келеміз. Оның салынуына да ерекше мән береміз. Мысалы, алғашқы жылыжайды Нидерланд елінің технологиясы бойынша шыныдан тұрғызсақ, екіншісін түрік технологиясы негізінде поликарбонаттан салдық. Ал жылыту арнайы салынған блок-модульді қазандық арқылы жүзеге асады.
    Қызанаққа келсек, жапон селекциясындағы «Пинк Парадайз» сорты таңдалды. Бұл сорт домалақ-жалпақ пішінімен, шырынды әрі етті болмысымен, қант мөлшерінің жоғары болуымен және берік қабығымен ерекшеленеді. Қабығының тығыз болуы ұзақ сақталуына және тасымалдауға ыңғайлы болуына әсер етеді. Өнім тамыры қуатты болғанымен,  күтімі күрделі. Орташа мерзімде пісетін бұл сорттың вегетациялық кезеңі – шамамен 100 күн.
    Мұнда жыл сайын орта есеппен 250 мың түп қызанақ отырғызылады. Өнім 10 ай бойы жиналады. Топырақтың орнына арнайы Шри-Ланкадан әкелінетін кокос субстраты пайдаланылады. Оның жарамдылық мерзімі – үш жыл, уақыты келгенде ауыстырылып отырады. Барлық жылыжай кешенінде қажетті жағдай жасалған. Ең алдымен, жарықтандыру және тамшылатып суару жүйесі жолға қойылған. Ауа ылғалдылығы мен температурасы, суару және қоректендіру процестері автоматтандырылған. Орташа температура +19°C шамасында ұсталады. Салқын болғанда  жылыту жүйесі, ал ыстықта арнайы желдеткіштер іске қосылады. Сонымен қатар қияр мен қызанақ гүлдерін табиғи жолмен тозаңдандыру үшін арнайы аралар сатып алынған.
    Маңызды жайт – «Shakh Eco Food» компания­сының өнімдері экологиялық жағынан таза, денсаулыққа пайдалы, себебі көкөніс өсіруде химиялық заттар қолданылмайды.
    Компанияның жылыжай шаруашылығында шамамен 50 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Елтай ауылдық округінің тұрғын­дары. Әлеуметтік жауапкершілік аясында қызметкерлерге жатақхана, тамақпен қамтамасыз ету, жұмыс орнына дейін тасымалдау сияқты қолдау көрсетіліп отыр.
    Жылыжай кешенінің өндірістік қуатына тоқталар болсақ, әр гектардан жылына 300 тонна қызанақ пен қияр жиналуда. Жер қоры 20 гектар болғандықтан, «Shakh Eco Food» компаниясының жылыжай бизнесін әрі қарай кеңейтуге, өндірістік қуатын арттыруға, салық түсімін көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға толық мүмкіндігі бар.
    Осылайша компания өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік тіл – менің тілім!

    Мемлекеттік тіл – менің тілім!

    8 months ago
    Тіл – татулық тірегі

    Тіл – татулық тірегі

    8 months ago
    Өрттің өршуіне салғырттық себеп болған

    Өрттің өршуіне салғырттық себеп болған

    3 years ago
    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    2 years ago
    Елордалық білім ұйымдарында тамақтану сапасы тексерілді

    Елордалық білім ұйымдарында тамақтану сапасы тексерілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>