-13 °c
Qonaev
Friday, August 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Әділ биліктің әмірін айтқан

    14.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Әділ биліктің әмірін айтқан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Райымбек аудандық Мәдениет үйінде «Сүйіндік би және қазақ қоғамындағы билер институты: тарихы, тұлғалары және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсти­туты, Райымбек ауданы әкімдігі және «Бабалар мен ұрпақтар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған тағылымды шараға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жазушылар, Сүйіндік бабаның ұрпақтары қатысты.

    Конференцияны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шәмек Тілеубаев ашып, жүргізіп отырды. Тарихи шежіредегі деректер бойынша, Сүйіндік бидің өмір сүрген уақыты ХVII ғасырмен өлшенеді. Оның өз заманында қара қылды қақ жарған би, төтеден төге сөйлейтін шешен, арғы-бергіні зерделеп отыратын көреген тұлға болғанын байқауға болады. Билік айтумен қатар, ұзақ уақыт дуанбегі қызметін де атқарған.
    Алғаш мінбеге көтерілген Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов «Билер соты жөнінде» баяндамасында қазақ даласындағы билердің ел басқару, билік айтудағы айрықша қасиеттері мен халықты татулыққа, береке-бірлікке ұйытқан ақыл-парасатына кеңінен тоқталды. Ғалым сонымен қатар биді бала кезінен тәрбиелеу, биге жүгіну тәртібі, сот отырысын өткізу, сөйлеу принципі, бюрократиясыз жедел әрі ашық процесс, шешімді орындау тәртібі, жаза түрлері сияқты дала заңының бәрін Сүйіндік бидің өмір сүру кезеңіндегі қызметімен сабақтастырды.
    Келесі кезекте сөз тізгінін ұстаған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес «Сүйіндік би Мамадайырұлы және шежіредегі Жетісу өңірінің әйгілі тұлғаларының тарихы» атты ғылыми баяндамасында Сүйіндіктің билік айту қызметіне және шежіренің мән-мағынасына, елге тұтқа болған әйгілі тұлғалардың ел басқару ісіндегі ұстанымдарына ғылыми тұрғыда талдау жасады. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Талдыбек Нұрпейіс «Сүйіндік би және қазақ қоғамындағы билердің орны мен рөлі» тақырыбында әңгіме өрбітті. Тарих ғылымдарының кандидаты Шәмек Тілеубаев «Ауызша тарих деректері Сүйіндік би туралы», ҚазҰУ профессоры, тарих ғылым­дарының кандидаты Меңдігүл Ноғайбаева «Сүйіндік би және қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастар», Тарих және этнология институтының бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев «Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары мен билерінің тұлғалық қасиетінің қалыптасуы», тарих ғылымдарының кандидаты Маржан Дәуітбекова «Қазақ батырларының наным-сенімдері мен этикасы» тақырыптарында баяндама жасап, қазақ даласындағы билер мен батырлардың, тарихи тұлғалардың ұрпақтар сабақтастығындағы алатын орны, мән-маңызы жайлы өрнекті ойлар айтты. Сүйіндік бидің өз заманындағы ел тағдырына қатысты қызметтерін, ізгілікті істерін терең зерттейтін, ұлағатын ұлықтап, ұрпаққа ұсынатын уақыттың келгенін, бұл мәселені көп болып қолға алу қажеттігін көпшіліктің ойына салды.

    Сүйіндік бабам!

    Өтіпті небір қиындық заман,
    Өттік теңізден, құйын жұттардан.
    Ұмытылмай аты біздерге жетті,
    Дуанның бегі, Сүйіндік бабам.
    Кездессе жауға кедергі болар,
    Бөгелмей өткен дилы мықты адам.
    Еңкейгенге еңкейе білген,
    Алдынан шыққан сыйды жықпаған.
    Әділ биліктің әмірін айтқан,
    Тыңдапты сөзін жиылып тамам,
    Айтыпты жұрты аңыз таратып,
    «Сүйкемесі бар, Сүйіндік бабам».
    Кіндігінен би, болыс тарап,
    Шешілген «арқан» түйіліп қалған.
    Батырлар өсіп, ақындар туған,
    Тілімен құсты үйіріп ұстаған.
    Даңқты тұлға, қырандар түлеп,
    Қарайды көктен шүйіліп саған.
    Су төгілмес жорғадай сансыз,
    Естісем сөзін сүйініп қалам.
    Бабаның алдында талай мықтылар,
    Абайлап шайын үріп ұрттаған.
    Рухыңды ту ғып көтеріп келдік,
    Бас қосу үшін жиылып саған.
    Шоған абыз бен Әлмерек абыз,
    Сүйіндік дуан ірі, мықты адам!

    Дәулетбек Байтұрсынұлы

    Конференция барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы Беркін Әкебаев, Райымбек ауданының Құрметті азаматы, Сарыбастау ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсат Әшімбаев, «Бабалар мен ұрпақтар» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Бақберген Желдікбаев және Қызылшекара ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрсын Нүсіп сөз сөйлеп, тағылымды шара мен ғалымдар еңбегіне ризашылық білдірді. Сүйіндік бидің рухын оятып, есімін есте қалдыру мақсатында ауданда алдағы уақытта қолға алуды қажет ететін іс-шаралар жайлы ұсыныс-пікірлерін жұртшылық назарына ұсынды. Мәдениет саласының қызметкері, жыршы-термеші Серік Әбдірайымов Сүйіндік биге арнап жыр толғаса, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы өлең оқыды.
    Сүйіндік бабамыздың өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұлағатын ұлықтау уақыттың ұстаны­мы, заманның талабынан туындап отырғаны анық. Ғылыми-практикалық конференцияға жиналған көпшілік осындай ой түйіп, пайым жасады.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерді құттықтады

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерді құттықтады

    2 years ago
    Жақсылық жасап жарысайық

    Жақсылық жасап жарысайық

    8 months ago
    Ажалдан арашалады

    Ажалдан арашалады

    2 months ago
    Баспаналы болу – бір бақыт

    Баспаналы болу – бір бақыт

    8 months ago
    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>