-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Аманатқа адалдық

    09.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Аманатқа адалдық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада «Абай аманатына адал ұрпақпыз» атты мерекелік шара өтті. Алқалы басқосуға облыстағы аудандық және қалалық кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен қаламгерлер қатысты.

    Жастарға Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, ойшылдың өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеу, ұрпақты ұлттық құндылықтарға, білім мен өнерге, ізгілікке баулуды мақсат еткен шара кітапхана фойесіне қойылған көрмеден басталды. «Қылқалам мен қара сөз» деп аталатын бұл көрмеден қонақтар суретшілердің қолынан шыққан ақын жырларындағы табиғат көріністерін тамашалап, «Ұлы даланың ұлы перзенті», «Сөз зергері – Абай» және «Абай әлемі – ұрпаққа өнеге» атты кітаптар жиынтығымен танысты.
    Облыстық кітапхана директоры Ғалия Тоқабаева жиналған көпшілікті Абайдың 180 жылдығымен құттықтап, шараға қатысушыларға алғыс білдірді. Келесі болып сөз алған ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Абылайханқызы баршаны ақын сөздерінен тәлім алуға, ұлт үшін қызмет етуге үндеді. Шараға арнайы шақырылған жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрдәулет Ақыш елімізде ғана емес, әлем бойынша тойланып жатқан Абайдың адамзатқа берер рухани қазынасы жайлы сөз қозғады.
    Келесі кезекте сахна төріне әр ауданнан келген мектеп оқушылары Санжар Зақан, Бексұлтан Маратұлы, Сұлтан Ерхан, Мәлік Нұрсұлтан және Нұрмұқа Сұлтан, сондай-ақ өнерпаздар Қуаныш Қонысбеков пен Әділжан Әділханұлы ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, ақын өмірінен қойылым көрсетті. ҚР Мәдениет саласының үздігі Мырзабек Пармановтың орындауындағы «Айттым сәлем, Қаламқас» пен «Желсіз түнде жарық ай» әндері тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Ал Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан арнайы келген қариялар мен ақ жаулықты аналардың орындауындағы «Көзімнің қарасы» ешкімді бейжай қылдырмады. Әсіресе, жеке дауыста ән салған, көз жанарынан айырылған Сман Мағпар ақсақалдың әуезді дауысы көпшілікті сүйсіндіргені рас.
    Мерекелік шара барысында «Абай әлемі» тақырыбында интеллектуалдық ойындар, көркемсөз байқауы, сөзжұмбақ жарысы, «Абай – қазақ рухының шамшырағы» атты әдеби дебат, ақынның қара сөздерін оқу және викториналық сұрақтар сайысы берекелі басқосудың мәні мен мазмұнын тереңдете түсті.
    Шара соңында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана басшылығы белсенді қатысқан өнерпаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі

    Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі

    2 years ago
    Қонаевта коуоркинг орталығы ашылды

    Қонаевта коуоркинг орталығы ашылды

    1 year ago
    Т.Жүргеновтың мерейтойына орай театр ұжымдарының фестивалі өтті

    Т.Жүргеновтың мерейтойына орай театр ұжымдарының фестивалі өтті

    2 years ago
    Жылдам хабар алғызған

    Жылдам хабар алғызған

    10 months ago
    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>