-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АТА ЗАҢ – ДЕМОКРАТИЯ ДІҢГЕГІ

    Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтауы

    29.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Мереке
    Өнегелі өңірдің өрісі кең
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Құрметті облыс тұрғындары!
    Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
    Бұл күн – халқымыздың тарихында алтын әріппен жазылған мерейлі белес.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата Заң – еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат», – деп атап өткен болатын.
    Конституция – кез келген өркениетті елдің негізгі атрибуттарының бірі. Қазақ халқы да ежелден құқықтық негіздерді берік ұстанып келген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы сияқты заң жинақтары елдің бірлігі мен әділдігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен.
    Биыл осы тарихи құқықтық дәстүрлермен сабақтас, тәуелсіз Қазақстанның жаңа кезеңдегі басты құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде республикамызда ғасырға татырлық ғаламат істер атқарылды. Ата Заң мемлекетіміздің даму бағдарын айқындап, барлық саладағы жетістіктердің негізіне айналды. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс сапасы жақсарды, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті дами түсті. Алматы облысы да бөлініп, өңір орталығы жаңадан құрылған сәттен тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін жаңа даму дәуірі басталды. Ал Алатау қаласының бой көтеруі аймақ экономикасына серпін беріп, инвестиция тартудың маңызды хабына айналды. Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан игі шаралардың барлығы ел болашағына қосылған маңызды үлес болып саналады.
    Құрметті жерлестер!
    Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің басты құжаты. Демек, демократиялық құндылықтарды орнықтырып, құқықтық негізімізді бекемдеген Ата Заңды қастерлеу, құрметтеу және насихаттау – баршамыздың азаматтық парызымыз.
    Мерейлі мерекені пайдалана отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін.
    Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай!

    Ұсынымдар

    Шетелдіктер ынтызар

    Шетелдіктер ынтызар

    1 year ago
    5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

    5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

    4 months ago
    Зейнеп АХМЕТОВА, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы: АТА СӨЗІ – АМАНАТ

    Зейнеп АХМЕТОВА, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы: АТА СӨЗІ – АМАНАТ

    6 months ago
    Қазақстан БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады

    Қазақстан БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады

    4 months ago
    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>