-13 °c
Qonaev
Friday, September 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «BALALAND» – үлкен отбасы

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    «BALALAND» – үлкен отбасы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Биылғы жазғы демалыс айларында мыңдаған қазақстандық оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалды. Онда білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламалар әзірленген. Әртүрлі танымдық тәрбие берілді. Сол арқылы балалар бойындағы қарым-қабілетін одан сайын дамытып, жаңа оқу жылына күш-қуат жинап қайтқаны анық.

    Ата-аналар баласының жазғы уақыты тиімді әрі естен кетпестей қызық өткенін қалайды. Бұл үшін лагерь – таптырмайтын жер. Талғар ауданындағы «BALALAND» лагері он жылдан бері оқушыларға есігін айқара ашып келеді. Аталған демалыс орны «Іле-Алатау» ұлттық паркінің баурайында, теңіз деңгейінен 2 200 метр биіктікте орналасқан. Мұнда мектеп оқушылары тау басындағы экоүйлерде тұрып, көркем табиғаттан бойларына қуат алып қайтады. Онда жыл сайын 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
    Балақайларға жақсы орта, жайдары көңіл-күй сыйлай білген Аида Абзалқызы лагерьдегі жұмысын 2010 жылы кіші отряд тәлімгері болудан бастапты. «Сол бір жазда мен өзіме алғаш рет балалармен бірге шаттыққа толы, шабыт сыйлайтын ерекше әлемді аштым. Бұл жұмыс менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Кейін түрлі шығармашылық және спорттық бағыттарда жұмыс істедім, одан кейін аға тәлімгер атандым. 2013 жылы директордың орынбасары болып қызмет атқардым. Ал 2014 жылы көптен бергі арманымды жүзеге асырып, өзімнің авторлық бағдарламасы бар «BALALAND» лагерін аштым. Негізінде менің мамандығым – қаржыгер. 2012 жылы университетті бітіріп, қаржы саласы бойынша бакалавр дәрежесін алғанмын. Бірақ жүрегім балалармен жұмыс істеуге, оларға жаңа әлем ашуға, өмірге шабыт беруге жетеледі. Сол себепті мен өз жүрегім қалаған жолды таңдадым. Өйткені адам өзіне ұнайтын, жандүниесіне жақын іспен айналысқанда ғана шын мәнінде бақытты және табысты бола алады», – дейді Аида Абзалқызы.
    Лагерьлердің тек жазғы демалыс орны емес, ойын мен дамуды үйлестіретін, әр бала өзін таба алатын кеңістік екені анық. Сондықтан да оған атбасын бұрғандардың әр күні жаңа тәжірибе мен эмоцияға толы болатыны шүбәсіз. Аида Абзалқызының айтуынша, «BALALAND» лагеріне қатысушылар STEM мен робототехникаға ден қойып, сахналық мәдениет және командамен жұмыс дағдысын үйрене алады. Композиция және шығармашылық түсірілім, сауда және маркетинг негіздерін білуге мүмкіндіктер беріледі. Сонымен қоса жеткіншектерге сәндік бұйымдар жасау, табиғатпен үйлесімді өмір сүру дағдыларын жетілдіру және спортпен айналысуға жағдай жасалады. Онда әр жазда шамаман 900 бала демалысын қызықты өткізе алады. Аталған демалыс орнына көршілес елдерден келетіндер де бар екен. Лагерь жетекшісінің сөзінше, «BALALAND», бұл – үлкен отбасы. Мұнда әр бала ерекше, әр баланың арманы маңызды, ал әр күн олардың күлкісімен, қуанышымен нұрланады.

    Ерзат АСЫЛ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев командасы үздік шықты

    Қонаев командасы үздік шықты

    1 year ago
    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    2 years ago
    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    1 year ago
    Тиімді жоба

    Тиімді жоба

    1 year ago
    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

    6 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>