☀️
3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі

    28.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Төтенше жағдай
    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және облыстағы әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныптарының ашылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты патриоттық іс-шара өтті.

    Кездесу қонақтарды қарсы алудан және тәртіп пен патриотизмнің жоғары деңгейін көрсеткен әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныбының саптық дайындығын көрсетуден басталды.
Іс-шараға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, сонымен қатар, өзге де күш құрылымдарының өкілдері қатысты. ТЖД бастығы әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныбымен кездесіп, олардың ынта-жігері, болашаққа құрған жоспарлары және сыныптарында алынған дағдылардың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар ол қарумен жұмыс істеу бойынша практикалық шеберлігін көрсетті Макаров тапаншасын бөлшектеп-құрастыруды егжей-тегжейлі түсіндіріп, әр кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, нысанаға дәл түсірудің негізгі тәсілдерін үйретіп, тактикалық сабақ өткізді.
Әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныбының қозғалысының дамуына үлес қосқан басшылар мен ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Сыныптардың тарихы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алады. Қазақстан Республикасында алғаш рет Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте “Smartsarbaz” (“Жас өрт сөндіруші”) атты әскери-патриоттық сынып ашылған болатын, онда 30 оқушы білім алды. Бұл бастаманың авторы — азаматтық қорғау полковнигі Самат Кенжехан.
Бүгінгі таңда Алматы облысында жеті әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныбы жұмыс істейді. Бұл сыныптарда балалар әскери-патриоттық тәрбие және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдылары бойынша білім алады.
Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Даурен Оразбеков атап өтті: «Әскери-патриоттық «Жас өрт сөндіруші» сыныптарының оқушылары — қоғамға қызмет етіп, адамдардың өмірін қорғауға арналған болашақ құтқарушылар. Олардың басты мақсаты — құтқару дағдыларын игеру және кез келген төтенше жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын болу. Жауапкершілікке, батылдық пен патриотизмге тәрбиелеу — оларды нағыз Отан қорғаушылар етіп қалыптастырады».
Іс-шара бірлік пен жарқын болашаққа деген үміттің белгісі ретінде ағаш отырғызумен аяқталды. Бұл іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштік, тәртіптілік және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайын болу рухында тәрбиелеудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    3 years ago
    Есімдері әуежайға берілсе

    Есімдері әуежайға берілсе

    1 year ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    Алматы облысының әкімі Астана күніне орай құттықтады

    4 months ago
    Туризм әлеуеті артады

    Туризм әлеуеті артады

    1 year ago
    Бордақылау алаңы ашылды

    Бордақылау алаңы ашылды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>