☀️
8°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Биыл үш жаңа өрт сөндіру депосы ашылады

    01.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Төтенше жағдай
    Биыл үш жаңа өрт сөндіру депосы ашылады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында соңғы екі жылда Алматы облысында 83 өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Биыл Кеген, Шамалған және Нұра ауылдарында модульдік үлгідегі тағы үш жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылады. Бұл нысандар шалғай ауылдардағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Осы аптада «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы Кеген ауылындағы құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысын тексерді. Құны 851,7 млн теңге болатын нысанның 80%-ы дайын. Аяқталуы 2025 жылдың тамызына жоспарланған. Құрылыс сапасы мен мерзімі партиялық бақылауда.

    «Бұл нысан аудан үшін өте маңызды. Жаңа депо іске қосылғанда өртке жедел әрекет ету уақыты айтарлықтай қысқарады. Қазір басқа екі ауылда да құрылыс жүріп жатыр. Сондай-ақ Қонаевта 6 шығу жолы бар жаңа өрт депосын салу жобасы дайын, қазір сараптамада», – деді «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов.

    Оның айтуынша, облыста төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету үшін бүгінде 145 сиреналық-дыбыстық құрылғы орнатылған. Биыл тағы 100 құрылғыны орнатып, төтенше жағдай болуы ықтимал барлық елді мекенді қамту жоспарланып отыр.

    Айта кетейік, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін облыста 12 өрт сөндіру депосын салу, 13 депоға күрделі жөндеу жүргізу, 22 өрт сөндіру бекетін ашу және 438 хабарлау құрылғысын орнату жоспарланған.

    Ұсынымдар

    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    3 months ago
    Ел тілегі ескерілсе

    Ел тілегі ескерілсе

    2 years ago
    Аққуды күймен қайырған

    Аққуды күймен қайырған

    8 months ago
    Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

    Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

    11 months ago
    Қонаев командасы үздік шықты

    Қонаев командасы үздік шықты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>