-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    10.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Алатау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін цехы 2022 жылғы қазанда ашылған болатын. Бұған дейін киім тігіп келген кәсіпорында жуырда аяқ киім шығаратын тағы бір цех іске қосылды. Аталған өндіріс орны Алматы қаласындағы «ҚазЖеңілӨнеркәсіпАлматы» атты киім фабрикасының бөлімшесі саналады.

    Жағымды жаңалықпен бізді мұн­да өндіріс бастығы Мұхамбетқали Сабыров таныстырды. Алдымен қыз-келіншектер еңбек ететін тігін цехына бардық. Бұдан екі жыл бұрын бастапқы кезеңдегі жабдықталуына 230 миллион теңге инвестиция жұмсалыпты. 30 адаммен қызметін бастаған цехта қазір 100-ден астам жұмыскер еңбек етеді. Оның ішінде жергілікті тұрғындар көптеп жұмыспен қамтылған. Үйінде бос отырған жүзге жуық қыз-келіншек өздеріне осыннан тұрақты жұмыс орнын тапқан. Мұнда еңбек етемін дегендерге арнайы білімінің болуы міндетті емес, тек тігіншілікке ебі болса жеткілікті, дайындық курсынан компания өзі өткізіп, тігін машинасының тілін үйре­теді. Ары қарай технологтар мен білікті мамандардың көмегімен өндіріс үрдісін игереді.
    Жұмыс істеуге ыңғайлы заманауи құралды меңгерген ісмер жандар осылайша, бір жағынан, сүйікті ісін тапса, екіншіден, осыннан отбасы нәпақасын айырады. Тігін цехының шебері Зулфия Садырниязованың айтуынша, еңбекақы әркімнің нақты орындаған жұмысының көлеміне қарай төленеді. Міндетін жылдам әрі сапалы атқарғандар айына 400 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Қазіргі кезде осындағы 90 тігін машинасын тізгіндеген осынша қыз-келіншек еліміздің қорғаныс саласы қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер тігуде. Нақтылай кетсек, кеудеге және бұтқа киетін 58 мың дана киім жиынтығына берілген мемлекеттік тапсырысты жыл соңына дейін сапалы әрі мерзімінде орындауға біркісідей жұмылған. Қазір күніне 2 жарым мың дана киім жиынтығы тігіліп жатыр.
    Бұдан кейін жаңадан ашылған аяқ киім цехын аралап көрдік. Мұнда 20 шақты жігіт жұмысқа кіріскен. Аяқ киімді тігетін және табанын құятын автоматтандырылған алып құрал-жабдықтың жұмысын жүргізіп жатқан осылар. Өнімнің кейбір бөлігін роботтар атқарады. Бұл технология немістер ойлап тапқан озық дүние, ал оны шығарушы – қытайлықтар. Цехтың іске қосылғанына екі апта ғана өткенімен, операторлар заманауи техниканың тілін меңгеріп, құлтемірді тиімді басқаруды үйреніп, өндіріс үрдісін күн өткен сайын үдетіп келеді. Мәселен, қазір күніне 1600-ден астам аяқ киім табаны құйылуда және бұл сан күннен-күнге көбейіп келеді. Мұнда етік тігілуде және бұл өнім де әскерилерге арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындалуда.
    Биыл кәсіпорынға 1 миллион 550 мың доллар инвестиция құйылыпты. Басшылығы алдағы уақытта Ұзынағаштағы өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті. Жалпы Жамбыл ауданында таяу жылдары төрт инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның жалпы құны 90 миллиард теңгеден асады. Нәтижесінде үш мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жыл сайын 400 мың адам ЖРВИ жұқтырады

    Жыл сайын 400 мың адам ЖРВИ жұқтырады

    1 year ago
    Күлкі – көңіл ажары

    Күлкі – көңіл ажары

    5 months ago
    Виртуалды әлем

    Виртуалды әлем

    2 months ago
    “Таза Қазақстан” Тәңіртауға жетті

    “Таза Қазақстан” Тәңіртауға жетті

    1 year ago
    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>