🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Чемпиондық рух: Алматы облысында чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты

    14.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Чемпиондық рух: Алматы облысында чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Қонаевта өткен ашық жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты.

    Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу.

    Б.Соқпақбаев атындағы Орталық саябақта өткен жаттығуға грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, бокстан Азия және әлемдік деңгейдегі жүлдегерлер, биатлон, садақ ату, джиу-джитсу, байдарка мен каноэ чемпиондары бар.

    Чемпиондар жастарға қимыл-қозғалыс техникасын көрсетіп қана қоймай, кәсіби спорттағы тәртіп пен еңбекқорлықтың рөлін түсіндірді.

    «Бүгінгі ашық жаттығуға 150-ге жуық жас қатысты. Бір сағат бойы біз негізгі дайындық жаттығуларын жасап, тәжірибе алмастық. Қатысушылардың арасында кәсіби спортпен айналысатындар да, алғаш рет мұндай шараға келгендер де болды. Мұндай жобалар жастарды спортқа баулип қана қоймай, оларды жаман әдеттерден алыстатады. Бұл бастаманы жүзеге асыруға «AMANAT» партиясының қолдауы зор үлес қосты. Соңғы жылдары партия облыста ондаған спорт нысанын ашып, жастар жобаларын тұрақты түрде қолдап келеді. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында өңірімізден жаңа чемпиондар шығатынына сенімдімін», – деді Демеу Жадыраев.

    Жаттығу барысында қатысушылар чемпиондармен иық тірестіріп, түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Әр қимылдың дұрыс жасалуына мән беріліп, қатысушыларға жеке кеңестер берілді.

    Шара соңында қатысушылар чемпиондармен естелік суретке түсіп, еркін әңгімелесті.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Чемпиондық Рух» жобасы жыл соңына дейін бірнеше өңірде жалғасып, мыңдаған жасты қамтитын болады.

    Ұсынымдар

    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    9 months ago
    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    2 years ago
    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    9 months ago
    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    8 months ago
    Жазушымен жүздескен сәт

    Жазушымен жүздескен сәт

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>