-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасайлық науқасқа күрделі жүрек отасы сәтті жасалды

    12.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қарасайлық науқасқа күрделі жүрек отасы сәтті жасалды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

         Қарасай аудандық ауруханасында ф жүктемелі стенокордиямен түскен науқастарға және аритмологиялық көмекке мұқтаждарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетіледі. 

    «2022 жылы бөлімде 400-ге жуық пациентке ота жасалса, 2023 жылы 700-ге жуық, 2024 жылы 950-ге жуық жүрек дертімен келіп-түскен науқастарға көмек көрсеттік. Жыл басынан 600-ге жуық азаматқа операция жүргізілді. Бұрын ауруханада кардиологиялық бөлім болмаған кезде, науқастар облыстық ауруханаға немесе еліміздің үлкен қалаларына жіберілетін еді. Қазірде аудандық ауруханада үлкен оталарды жасауға, жүрек ауруларын емдеуге барлық жағдай бар, – дейді бөлім меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

    Эндовоскулярлық хирургия бөлімінде ем алып жатқандардың бірі – Қуаныш Әубәкіров. Қарасай ауданының тұрғыны күрделі отадан өткен. Сөзінше, былтыр жүрек ұстамасынан инфаркт алып, аудандық ауруханаға жедел түрде түскен. Дәрігерлер коронарлық ангиография және жүректің алдыңғы артериясына түтік (стент) орнатқан. Дәрі-дәрмекпен емдеу ұсынылып, үйіне қайтарылыпты. Алайда жыл өтпей, ауруы қайта дендеген.

    «Соңғы кездері қайта жүрегім мазалап, дәрігерлер көмегіне жоспарлы түрде келдім. Қажетті тексерулерден кейін жүректің тарылған жері анықталды. Қайта стенттеу отасы жасалды. Отаның жалпы құны 2 млн теңгеге жуық екен. Менің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебем бар. Соның нәтижесінде барлық ем-дом тегін болды» – дейді пациент.

    Науқас алдағы уақытта дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Одан кейін МӘМС есебінен оңалту шараларынан өтеді. Айта кетерлігі, 2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау бюджеті 134,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 58,4 млрд теңге – МӘМС-ке, 76,3 млрд теңге –ТМККК-ге. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық операцияларға бағытталады – қарастырылып отырған кезең ішінде сомасы 53,3 млн теңгеге 12 операция жүргізілді (орташа алғанда бір операцияның құны – 4,4 млн. теңге). Нейрохирургиялық операцияларға келсек, сомасы 319,4 млн теңгеге 57 ота жасалды (орташа алғанда бір операцияның құны – 5,3 млн. теңге). ЛОР оталары да көп сұранысқа ие. Электромагниттік есту аппараттарын имплантациялау бойынша жалпы сомасы 70,8 млн.теңгеге 9 операция жасалды.

    Тізе және жамбас буындарын ауыстыру оталары да халық арасында жоғары сұранысқа ие. Мәселен, 2025 жылы облыстың дәрігерлері жалпы құны 56,2 млн теңгеге осындай 26 ота жасаған. Жыл басынан барлығы 914,1 млн теңгеге жоғары технологияларды қолдану арқылы 158 операция жасалды.

    ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    Алматы облысында ат спорты түрлерінен “Жолан жүйрігі” дүбірлі додасы басталды

    2 years ago
    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды

    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды

    2 years ago
    Ғасыр сазын тербеген

    Ғасыр сазын тербеген

    4 months ago
    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    2 years ago
    Байланыс саласының білгірі

    Байланыс саласының білгірі

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>