⛅
16°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлікті қолдау – мемлекет міндеті

    14.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпкерлікті қолдау – мемлекет міндеті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталовпен және облыстық өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Онда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында нақты ұсыныстар талқыланып, өңір экономикасын нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер сараланды.

    Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл шағын және орта бизнес субъектілері 107,6 %-ға, бұл салада жұмыспен қамтыл­ғандар 8,4%-ға артқан. Олар өндірген өнім көлемі 123,4 %-ға өсіп, 994,5 млрд теңгені құраған. Ал салық түсімдері қаңтар-маусым айларында 150,6 млрд теңгеге жетіп, 34,5 %-ға көбейген.
    – Облыс әкімдігі кәсіпкерлерді қолдау үшін нақты шаралар қабыл­дауда. Биыл бұл бағытта жергілікті бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. 4,6 млрд теңге пайыздық мөлшер­лемелерді субсидиялауға, 1,3 млрд теңге несиелер мен лизингтерге кепілдік беруге, 370 млн теңге жас­тар мен әлеуметтік кәсіпкерлерге грант беруге бағытталған. Гранттық бағдарлама аясында «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қоры арқылы 119 жобаға қолдау көрсетіліп, 27-сіне субсидия, 92 жобаға кепілдік берілді, – деген Марат Елеусізұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды қозғаушы күші инвестиция екенін жеткізді. Сондай-ақ Алатау қаласы аумағында ауданы 96,5 мың гектарды құрайтын арнайы эконо­микалық аймақ, сонымен қатар жалпы ауданы 2119,3 гектар жерге 6 индустриялық аймақ құрылған. Бұдан бөлек 9 индустриялық аймақты ашу жұмысы жүргізілуде, оның жетеуі Үлкен Алматы айналма жолының бойына орналаспақ. Индустриялық аймақтардың жол магистралына жақын орналасуы көлік логистикасын жеңілдетіп, инфрақұрылымды тиімді пайдалануға көмектеседі. Қабылданған шаралардың нәти­жесінде соңғы үш жылда инвестиция көлемі 60%-ға өсіп, 2 трлн 369 млрд теңгені құраған.
    Өңірдегі инвестициялық жобалар облыстық даму орталығы арқылы іске асырылуда. Осы уақытқа дейін орталық 242 кездесу өткізсе, оның 156-сы шетелдік инвесторлармен болған. Ең белсенді серіктес – Қытай Халық Республикасы, олармен 123 кездесу ұйымдастырылған.
    – Соңғы үш жылда 1,8 млрд АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестиция тартылған. Аталған көрсеткіш осы бағыттағы жұмыс­тың жүйелі жүргізіліп жатқанын айғақтайды. Өңірге келетін әрбір инвесторға жан-жақты қолдау көрсетіліп, жобалардың сәтті жүзеге асуына барлық мүмкіндік жасалып жатқанын атап өткен жөн, – деді облыс әкімі.
    Әрі қарай сөз кезегін алған Райымбек Баталов кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы тиімді әріптестікті нығайту маңызды екенін айтты.
    – Қазақстанда бизнестің дамуы­­­на қолайлы жағдай жасау – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­­сының басты міндеті. Қазіргі уақытта жергілікті өндіріс үлесін арттырып, өңдеуші өнеркәсіп пен басқа да маңызды салаларды дамыту көзделуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында билік пен кәсіпкерлер арасында тиімді қарым-қатынас орнауы қажет екенін айтты. Бұл бағытта ҰКП белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Елімізде 153 салалық кеңес құрылып, онда кәсіпкерлер өздерінің білімі мен тәжірибесін ортаға салып, маңызды мәселелерді бірге шешуге атсалысуда. Алматы облысында сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және туризм сияқты салалар жақсы дамып келеді. Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 1,8 триллион теңгеге 90-ға жуық инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл 13000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді ол.
    Кездесу барысында агроөнер­кәсіптік кешенді субсидиялау, су тариф­терінің тиімділігі, салық көлемі­нің артуы, жекеменшік білім беру ұйымдары мен «Даму» қоры­ның қыз­метіне қатысты мәселе­лер көтерілді. Бұл сұрақтарға жауапты басқарма өкілдері берді. Облыс әкімі барлық ұсыныс пен көтерілген мәселелерді ескеріп, тиісті мекемелерге мемлекетке де, кәсіпкер­лерге де тиімді болатын шаралар қабылдауды тапсырды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    1 year ago
    Бейбіт күннің батырлары

    Бейбіт күннің батырлары

    1 year ago
    Жақсы көршің – тынысың

    Жақсы көршің – тынысың

    2 years ago
    Көлсай маңындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеруге шақырды

    Көлсайдағы кәріз мәселесі – қоғам назарында

    2 years ago
    Алматы облысында қызылша ауруы өршіп тұр – Басқарма

    Алматы облысында қызылша ауруы өршіп тұр – Басқарма

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>