Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

5 қаралым

     Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.

Кездесуде:

қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды;

 

✔️ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді;

 

✔️салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.

 

Болат Ақшолақов:

 

➤ отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

 

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.