-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортақ құндылық

    16.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Ортақ құндылық
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Жыл басынан бері облыс бойынша 1494 адамға қандас мәртебесі берілді. Қандастардың әлеуметтік бейімделуі мен табысты интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында оларды мемлекеттік тілге оқыту, кәсіптік дағдыларын жетілдіру және еліміздің заңнамалық негіздерімен таныстыру ерекше маңызды.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қоныс аударған қандастарға мемлекеттік тілді оқыту және бейімдеу шараларын тиімді ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осыған орай облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында мемлекеттік тілді оқытумен қатар «Бір терезе» қағидаты негізінде әлеумет­тік көмек алу, кәсіптік дағдыларын жетілдіру, құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттары бойынша да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Тиісті құзырлы мекемелер – Халыққа қызмет көрсету, еңбек мобильдігі орталықтары, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары бөлімдері бірлесе әрекет етеді.
    Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Шелек ауылдық округі филиалында қандастарға арналған арнайы топтар ашылып, жүйелі тіл сабақтары өтуде. Қазіргі таңда филиалда екінші жартыжылдық бойынша жалпы 150 тыңдаушы бар. Этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тіл курсы бойынша 90 тыңдаушы, 6 топ бар. Оқу мерзімі – 6 ай. Ал қандас бауырлардан іс жүргізу курсы бойынша 60 адам, 4 топ құрылып, тыңдаушылар тұрақты түрде білім алуда. Оқу мерзімі – 3 ай.
    Жобаның негізгі мақсаты – қан­дас­тардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау, сөйлеу, түсіну, жазу және тыңдау дағдыларын дамыту. Бұл тек тіл үйрету ғана емес, сонымен бірге олардың мәдениетіміз, дәстүріміз, тарихымызбен жақын танысуына мүмкіндік береді. Сабақта тыңдаушылар қазақ тіліндегі тұрмыстық қарым-қатынас үлгілерін меңгеріп, күнделікті өмірде қолдана алатындай деңгейге жетуді көздейді. Оқыту процесі заманауи әдістемелермен, көрнекі құралдар­мен және интерактивті тәсілдермен жүргізіледі. Әр топ аптасына екі рет оффлайн және онлайн форматта жиналып, ауызекі сөйлесуді жаттықтырады, тақырыптық мәтіндермен жұмыс істейді, ұлттық мерекелер мен дәстүрлерді таныстыратын іс-шараларға қатысады. Мұндай сабақтарда тек тіл ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, тарихы мен өнері жайлы да мол мағлұмат беріледі. Қандас­тар сабақтарға зор қызығушылықпен қатысып, үй тапсырмаларын да тиянақты орындауға тырысып жүр.
    Қазақстанда ресми құжат айналымы, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру және іс жүргізу жүйесі кирилл графикасында қалыптасқан. Сондықтан бұл әліпбиді үйрену қандастардың күнделікті өмірге тез бейімделуіне септігін тигізеді. Мұндай игі бастама – ел бірлігін нығайтып, болашағымыздың берік болуына қызмет ететін қадамдар.

    Балжан Ахметова,
    облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
    Шелек ауылдық округі филиалының меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Баспасөз-2025

    Баспасөз-2025

    10 months ago
    Ұлағатты ұрпақ – ұлт байлығы

    Ұлағатты ұрпақ – ұлт байлығы

    1 year ago
    Бағыты айқын

    Бағыты айқын

    1 year ago
    Үздік мамандар марапатталды

    Үздік мамандар марапатталды

    1 year ago
    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>