-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапа – басты көрсеткіш

    30.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Сапа – басты көрсеткіш
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Мектеп оқушыларының жазғы демалысы аяқталып, жаңа оқу жылы басталар сәт те келіп жетті. Жаңа оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 2 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді. 

    Білім басқармасының мәліметін­ше, биыл облыс көлемінде 484 жал­пы білім беретін мектепте 362 мың оқушы қабылдау жоспарланып отыр. 40 колледж, 31 қосымша білім беру ұйымы, 3 балалар үйі, 9 психолого-медициналық-педагогикалық консультация, 13 коррекциялық түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп-интернат, кешкі ауысым бөлімшесі бар 6 мектеп, 5 оқу-өндірістік комбинаты жаңа оқу жылын бастауға сақадай-сай. 35 500 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, оқушы мәртебесін иеленбек. 34 068 бала мектепалды даярлық тобына қабылданған.
    Мемлекеттік мектептердің әлеу­меттік осал топқа жататын 56 240 білім алушысын мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан 2,6 млрд теңге ата-аналарының шотына аударылды. Бастауыш сыныптардағы 144 108 оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар 32 482 аз қамтылған отбасылардан шыққан 5-11 сынып оқушы да тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. «Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтануды есепке алу жобасын іске асыру бойынша мердігер «BC Group 2013» ЖШС жаңа оқу жылының басталуына дейін білім беру мекемелеріне аппараттық-бағдарламалық кешен орнатып береді.
    «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 9 мектептің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін жұмыс жүргізілуде. Биыл 20 мектептің күрделі жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 21,458 млрд теңге қаржы бөлінді. 11 мектеп құрылыс басқармасы арқылы және 9 мектеп білім басқармасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Күрделі жөндеу жұмысының өткізілу барысы білім және құрылыс басқармаларының бақылауында болады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын-үй кешенінде салынып жатқан 2000 орынды мектепті қыркүйек айында қолданысқа беру жоспарланып отыр.
    Жылыту маусымы кезінде 581 білім беру мекемесі түрлі отын көздерімен жылытылады. Жылыту қазандықтарының саны – 548. Жылыту маусымына облыстық бюджеттен 11 млн 199 мың 488 литр сұйық отын сатып алуға 4 млрд 479 млн 795 мың, 40 білім беру нысанын 3500 тонна қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 32 млн 731 мың теңге бөлінді. Газдандырудың жобалау-сметалық құжатын дайындау үшін 21 нысанға 87,2 млн теңге қаржы қарастырылды.
    Үшауысымды оқыту және оқушы орны тапшылығын жою мақсатында «Келешек мектептері» жобасы аясында 17 мектептің, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 1500 орынды 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мұның үшауысымды мектептер мәселесін шешуге септігін тигізетіні анық. Сонымен қатар қолданысқа берілетін 17 мектепке ауысу тәртібімен 948, конкурс арқылы 1036 педагог жұмысқа қабылданады деп жоспарлануда.
    Облыс аумағында 84 мектебі жоқ, 20 бастауыш сыныбы, 12 негізгі мектебі бар елдімекен және 162 саяжай бар. 35 081 оқушы тасымалданып оқытылады. Мектептердің теңгерімінде 99, жеке кәсіпкер есебінен 156 автобус болса, 94 автобусқа қажеттілік болып отыр.
    437 мемлекеттік білім беру ұйым­дары толық 100 пайыз қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіліп, дабыл түймесіне толық қосылған. Орталықтандырылған бейнебақылау жүйесі 1-санаттағы барлық және 2-санаттағы талап етілетін нысандарда орнатылған. Күзет қызметімен 95 пайыз нысан қамтылған. Сондай-ақ жекеменшік білім беру нысандары да толық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген. 78 мектептің кітапханасын жаңғыртуға 193 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда білім беру ұйымдарына кітапхана жиһаздарын сатып алу жұмысы жүргізілуде.
    Мәресіне жеткен оқу жылының қорытындысы бойынша, білім беру сапасының деңгейі 68,9 пайызға жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,7 пайызға жоғары. Облыстағы мек­теп бітірген 17917 түлектің 1433-і «Алтын белгі» иегері атанса, 1513-і «Үздік аттестат» иеленді. 7631 оқушы грантқа түсті. Сондай-ақ 37 түлек ҚХР қалаларындағы жоғары оқу орындарының грант иегері болды. Былтыр грант иеленгендер саны 5 мыңнан астам болған еді. 93 оқушы түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, сапа көрсеткіші 54 пайызға көтерілді. Дарынды оқушылар саны­ның жылдан-жылға артуы ұлағатты ұстаздардың кәсіби шеберлігі, төккен терінің жемісі екені сөзсіз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қонаевта дара тұлғаға арналған турнир жалауын көтерді

    Қонаевта дара тұлғаға арналған турнир жалауын көтерді

    2 years ago
    Алматы облысы спортшысы қысқы Азия ойындарында жүлделі болды

    Алматы облысы спортшысы қысқы Азия ойындарында жүлделі болды

    7 months ago
    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    11 months ago
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    Монополияға қарсы қызмет: Облыста тауар бағасы тұрақты бақылауда

    2 years ago
    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>