⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Спортшылармен сырласты

    05.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Спортшылармен сырласты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшылармен кездесіп, жетістікке жету жолындағы сырына қанықты, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек: «Шара барысында облыстан шыққан грек-рим күресі, джиу-джитсу, каратэ сынды спорт түрлерінен чемпион атанған спортшыларды жас ұрпаққа таныстырып, ерік-жігерін ұштай түстік. Мақсатымыз – балаларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, әлемде мүмкіндіктер шексіз екенін түсіндіру, қолдау көрсету. Алдағы уақытта осы орталыққа жаттық­тыру­шыларды жұмылдырып, балалар­дың кәсіби тұрғыда спортпен шұғылдануына сеп болғымыз келеді. Мұнда джиу-джитсумен айналысқан балалар бар екен. Әзірге осы спорт түрінен үйірме ашу жоспарда бар. Одан бөлек, футбол, волейбол ойындарына да басымдық беретін боламыз», – деді ол.
    Шараға қатысқандардың бірі – грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері және үш дүркін Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы Қорлан Жақанша. «Спорт саласында жүргеніме 20 жыл болды. Кездесу барысында осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемізбен бөлісіп, әсерлі әңгіме өрбіттік. Балалардың спортқа деген қызығушылығы артып, құлшыныстары оянды деп ойлаймын», – деді чемпион.
    Кездесуде Қазақстан тарихында аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты­ның алтын медалін иеленген Мөлдір Әшірбекова да болды. «Спортта жетістікке жету үшін адамда қайсар мінез, темірдей тәртіп болу керек. Сәтсіздікке еш мойымай, тек алға жылжу – басты талап. Балалардың болашағының жарқын болғанын, дұрыс таңдау жасағандарын қалаймын. Сондықтан бүгінгі шараға келіп, өз ақыл-кеңесіммен бөлістім», – деді.
    Ашық әңгімеден кейін балалар спортшылармен бірге түрлі ойындар ойнап, шат-шадыман күйге бөленді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Ел сенімін нығайтады

    Ел сенімін нығайтады

    1 month ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    10 months ago
    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    3 years ago
    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

    2 years ago
    БІЗ СІЗДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ!

    БІЗ СІЗДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ!

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>