-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су – тіршілік көзі, бірақ…

    12.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Су – тіршілік көзі, бірақ…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         «Alatau Public Utilities» ЖШС – Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылы 7 желтоқсанда қабылданған №431 қаулысына сәйкес, бұрынғы «Талғар су» МКК негізінде құрылып, тек меншік түрі ғана емес, сонымен бірге даму бағытын да өзгерткен жаңа компания. Бірнеше күн бұрын бұл мекеменің бас директоры Асқар Тотыбаев Талғар аудандық мәслихат депутаты Шағзам Купидинов, сала мамандары және бір топ журналист қатысқан шара кезінде аудан халқын ауызсумен қамтамасыз ететін кәсіпорынды жаңғырту жоспарларымен бөлісті және бұл салада орын алып жатқан кемшіліктер мен барлық түйткілдер мейлінше ашық айтылды.

    Асқар Алмабекұлы шара басында жаңа компания «Талғар су» кәсіпорнын толық сатып алғанын және заман талабына сай оны қалай жаңғыртып, жұмысын қалай қайта құруды жоспарлап отырғаны жайында әңгімеледі. Мұндай батыл қадамға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан: «Энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек. Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес», – деген сөзі рухтандырып отырғанын да жасырмады.
    – Бұл бағдар біз үшін өте маңызды. Біз халық пен табиғи монополия субъектілерінің арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауымыз қажет. Сондық­тан ашықтық пен инвестиция – біз­дің жұмысымызды ұйымдастыруда сүйенетін негізгі екі тірек, – деп атап өтті Асқар Тотыбаев.
    Ол, сондай-ақ, компанияның страте­гиясы жеңіл-желпі косметикалық жақсартуға емес, терең қайта құруға бағытталатынын ерекше бөліп айтты. Бұл тұрғыда кәсіпорын «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасы аясын­да «2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммунал­дық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын» басшылыққа алады. Соның ішінде сумен қамтуды және суды бөлуді жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға қатысады.
    Әрине, жаңа компанияның жұмы­сы өте күрделі, бірақ аса қажет. Бар материалдық-техникалық мүлікті есептеу­дің нәтижесінде «Alatau Public Utilities» ЖШС меншігіне 13,4 млрд теңгенің мүлкі өтті, соның ішінде 7,5 млрд теңге «Талғар су» және 5,9 млрд теңге «Есік су» ШЖҚ МКК-дан берілді. Арнайы су пайдалануға, соның ішінде жерасты суларын өндіруге және жерүсті суларын пайдалануға барлық қажетті рұқсаттар алынды. Екі мекемені қоса есептегенде 498 адамнан тұратын жаңа құрылым мен штат бекітілді. Барлығы 374 адам немесе штаттың 77,1%-ына қызметкерлер жұмысқа қабылданды.
    – Біз іске жүйелі түрде келдік, инженер­­лік желілерге техникалық тексеру жүргіздік, жобалық құжаттама дайын­далып жатыр, – деп түсіндірді бас директор.
    Оның айтуынша, қабылданатын мүлікті түгендеу кезінде бірқатар заң­бұзушылық, мемлекеттік қаржыны жымқыру, құқықтық тұрғыдан дұрыс жасалмаған келісім-шарттар анықталған. Соған қарамастан, елеулі нәтижелердің бірі қазірдің өзінде айқын: абоненттік базаны тексеру есебінен қызмет көрсе­тілетін клиенттердің саны 3700-ге өскен. Бұл – бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,2%-ға жоғары. Ал кәсіпорында соңғы отыз жылдан астам уақыт ішінде болмаған тұтынушылармен есеп айырысудың жаңа электрондық жүйесін енгізу – заман талабына сай жаңа өзгерістердің нышандық белгісі іспетті. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап компания «Алсеко» АҚ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Бұл – жаңа кәсіпорынның қағаз түбіртектер дәуірінен цифрлық заманға қадам басқанының нақты көрінісі. Енді тұрғындар өлшеу құралдарындағы көрсеткіштерді онлайн режимінде, соның ішінде Kaspi сияқты танымал қосымшалар арқылы бере алады. Енді бұл үдеріс барлық тараптар үшін тек ашық ғана емес, сонымен бірге өте ыңғайлы да болды. Сандық қызметті енгізу сондай-ақ бірден төлем тәртібіне де әсер етті: уақытылы төлеу деңгейі 52%-дан 93%-ға дейін өсті, ал түсімдердің жалпы сомасы жарты жылда 71 млн теңгеден астам немесе 563 млн-нан 634 млн теңгеге дейін ұлғайды. Жарты жыл ішінде кәсіпорын бір жарым мыңнан астам апатты жағдайды жойған. Енді жөндеу қызметі апат орын алған жерлердегі салдарды жай ғана «жамап» қоймай, алдын ала жұмыс істейді. Бұған бұрыннан әбден пісіп-жетілген – жұмысшылардың жалақысын арттыру да оң ықпал еткен.
    Асқар Алмабекұлының түсін­діруін­ше, компаниядағы басты түйткіл­дердің бірі – мамандандырылған техниканың жай-күйi. Олардың тозу деңгейі – 70%. Қазіргі күні қолда бар 35 автокөліктің тек 12-сі ғана жарамды, қалғандары жөн­деуді қажет етеді. Бірақ тұтынушылардың пайдаланған су көлемі үшін белгіленген тариф өте төмен. Жақында тракторлар мен экскаваторлар үшін төрт жаңа қозғалтқыш сатып алынған, тағы біреуі келіп, ауыстырылып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, батырмалы сорғылар сатып алыныпты. Олар Талғар қаласының бір бөлігінде, сонымен бірге Панфилов және Тұздыбастау ауылдарында су берудегі іркілістерді болдырмауға мүмкіндік берген.
    Әйтсе де бұл мекеме үшін ең маңызды түйткілді мәселелердің бірі тарифтік саясат болып отыр. 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының учаскелері үшін сумен қамту және су бөлудің жаңа бағалары бекітілген. ҚҚС-ті қоса есептегенде бір текше метр судың орташа құны 85,97 теңгені құрайды, бұл – бұрынғыдан 36%-ға артық. Бұған дейін тарифтің соңғы өзгеруі 2021 жылы болған. Компания бас директорының пайымдауынша, бүгін баға туралы ғана емес, сумен қамту жүйесінің өзі туралы да айтатын уақыт келді.
    – Біз бұдан былай әртүрлі баға жағдайында жұмыс істей алмаймыз. Алматы облысында 10 аудан болса, олардың әрқайсысының өз құрылымы, өз бағалары бар. Бұл бей-берекеттік тудырады. Тұрақты даму үшін бірыңғай желі және бірыңғай оператор қажет, – деп атап айтты Асқар Алмабекұлы.
    Арнайы дайындалған нақты дерек­терге сүйенсек, Талғар ауданын­дағы ауылдардың өзінде судың тарифі әртүрлі. Айталық, биылғы мамыр айына дейін Кеңдала, Акдала, Бесқайнар, Қотырбұлак, Қызыл қайрат сияқты 6 ауылда 1 т/м су үшін белгіленген тариф 63,08 теңге болса, Қызылту, Бесағаш, Жаңалық, Жалқамыс, Кіші Байсерке, Рыскұлов, Береке, Тұздыбастау, Еркін Айғаным, Дәулет, Достық, Сақтан, Тереңкара, Тасты үстірт, Көктал, Панфилов, Еламан сияқты 17 елдімекенде – 132,62, Белбұлақ ауылында 138,71 теңге болған.
    Бүгінгі таңда компания екі аудандағы 56 елдімекенге, соның ішінде Талғар ауданындағы 47 елдімекеннің 33-іне, Еңбекшіқазақ ауданындағы 23 елдімекенге қызмет көрсетеді. Талғар ауданындағы қалған 14 ауылға суды басқа жеке компаниялар жеткізеді. Сумен қамту 48 ұңғыма және 3 ашық су көзі есебінен қамтамасыз етіледі, бұл – Талғар өзені (оң жағалау мен орта ағыс учаскелерінде) және Қотырбұлақ жылғасы. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады, ал абоненттер саны – 57,5 мың.
    «Alatau Public Utilities» ЖШС ком­пания­сының қазіргі жұмысы және оны қайта жаңғырту жайлы кең түрде айтылған шара кезінде оның шығындары туралы да біраз мәліметтер келтірілді. 2024 жылы сумен қамтамасыз ету және оны бөлу үшін компания 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсапты. Бұл қаржы нысандарға қызмет көрсетуге, жөндеуге және жаңғыртуға жұмсалған.
    – Егер біз қазір жүйеге қаржы салма­сақ, ертең су болмай қалуы мүмкін. Сондықтан тариф мәселесін түпкілікті шешіп алуымыз керек. Тариф бұл – компанияның аман қалу көзі, сонымен бірге дамудың басты құралы. Ол күрделі және ағымдағы жөндеуге арналған шығыстарды қамтуы тиіс. Сонда ғана біз қолда барын сақтап, арттыра аламыз, – деді Асқар Тотыбаев.
    Кездесуді қорытындылай келе, кәсіп­орын басшысы алда үлкен міндеттер, түйіні тарқатылуы тиіс біраз түйткілді мәселе тұрғанын айтты. Мақсат біреу – кәсіпорынды орнықты әрі заманауи мекемеге айналдыру! Ол ақиқатқа айналуы үшін әрбір тамшы су – есепте, ал әрбір тұтынушы назарда болуы тиіс. Бұған тіршілік нәрін үнемді пайдалану арқылы әрбір тұрғынның қосатын үлесі де орасан. Бұл тұрғыда су үшін белгіленетін тарифке түсіністікпен қарау аса маңызды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Алматыда жер сілкінісінде 44 адам зардап шекті

    Алматыда жер сілкінісінде 44 адам зардап шекті

    2 years ago

    Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    4 months ago
    Қарияларға қуаныш сыйлады

    Қарияларға қуаныш сыйлады

    3 months ago
    Қараойдағы жаңа технология

    Қараойдағы жаңа технология

    1 month ago
    Рақмет саған, Салтанат!

    Рақмет саған, Салтанат!

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>