[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    05.09.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой
    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Республикалық әдеби-мәдени, танымдық «Мұқағали» журналының биылғы төртінші саны қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналды. Журналдың алғашқы беттерінен-ақ оқырманды ойлы бейнемен қарсы алатын Абай суреті ерекше әсерге бөлейді. 2-беттен 30-бетке дейінгі аралық түгелдей ұлттың ұлы ұстазына арналуы – басылымның рухани салмағын арттырғаны анық.

    Ақын есімін ардақтаған басылым ешқашан Мұқағалидай жыр жампозының жауһар поэзиясынсыз шығып көрмеген. Осы жолы да елінің жүрегінен екі елі ажырамаған журнал «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» тақырыбымен Мұқағалидың ұлы ақынға арналған өлеңдерімен екі алыптың арасындағы мәңгілік рухани үндестікті асқақтатты. Ақиық ақынның «Дала данышпаны», «Мен-дағы өлең жазбаймын», «Махамбеттер, Абайлар-ай», «Ей, өлең»  сынды туындылары халық даналығының ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл арнасын айшықтай түсті.

    Журналдың келесі бетінде қазақ руханиятының тарихына сәуле түсіретін құнды дүние беріліп, ғасырлар қойнауынан жеткен ғибратты мәлімет ұсынылды. Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласы – Абайды алғаш танып, даралап көрсеткен, ұлт руханиятының биік асуы болды. Аталмыш мақаладан рухани қуат алып, ерекше күйге бөленген оқырманды келесі туынды қиял мен сезімнің биігіне көтерді. Иә, белгілі сыншы Сағат Әшімбаевтың «Ақын жанын жабырқатқан жайлар» атты жазбасы Абай болмысының нәзік қырларын аша отырып, оқырманды ойлы толғанысқа жетелеп, журнал жанашырларының жүрегін тербеп, көкірегіне әуезді әндей әсер қалдырды.

    Басылымның бәсін биік еткен туындылардың бірі – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораздың «Шер-аға» эссесі. Оқырманды әсерлі естеліктер әлеміне жетелеген жазба қолына журналды ұстаған жанды сүйсінтпей қоймайды.  Басылымда әдебиетпен бірге өнер әлеміне де ерекше орын берілген. Қазақ сахнасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері Бекжан Тұрыстың 60 жылдық мерейтойына арналған публицист-жазушы Жақыпжан Нұрғожаевтың «Ұлт өнерінің адал ұлы» атты мақаласы Бекжан болмысын әсерлі ашып, Бекжан бейнесін өнер тарихындағы биік тұғырға көтереді. Басылымның 57-бетінде жазушы Светқали Нұржанның «Балалықтың бөз жейдесі» прозасының жалғасы ұсынылған. Бұған дейін оқырмандарды елітіп, жалғасын сағынта да сарылта да күттірген ерекше шығарманың 2-бөлімі – «Бейітбаққан машайықтарынан»  жеті хикая берілді. Мұнда жазушының ауыл өмірінен алынған естеліктері мен көркем баяны оқырманды балалық шаққа жетелейді. Ел жүрегінен орын алған ерекше туындының үшінші бөлімі келесі нөмірде тағы да жалғаспақ.

    Ақын мұрасын ұлықтаған басылым бұл жолы белгілі қаламгер Қуандық Түменбайдың мерейлі 70 жылдығын да назардан тыс қалдырмаған. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жазушысы Қуандық Түменбайдың «Жетінші» атты прозасы оқырман жүрегіне жол тартты.

    Бұл жолғы шығарылымның поэзия бөлімі жас ақын Ахат Оспанұлының жалынды жырларымен айшықталды. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген жас дарын биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, әдебиет әлемінде өз ізін сала бастады. Республикалық және халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанған оның өлеңдерінен шынайы сезім мен нәзік сыр, отты жалын сезіледі.

    Алғашқы беттері Абайдың сәулелі ойларымен ашылған журналдың соңғы парақтары Әзербайжанның ұлы шайыры Бахтияр Вагабзаденің мұрасымен түйінделді. Осы арқылы да «Мұқағали» журналы әдебиеттің шекарасыз екенін көрсетіп, түркі әлемінің рухани тамыры бір екенін айғақтай түсті.

    Ақын атындағы басылымның редакция жетекшісі Кәдірбек Құныпияұлының «Түбіміз бір түркіні құшайын деп…» атты Бахтияр Вагабзаденің 100 жылдық мерейтойына арналған сапарнамасы рухани әлемге тың сәуле түсірді. Бұл мақалада Бакуде өткен салтанатты шаралар, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференциялар мен түркі жұртының рухани байланыстары айқын көрініс тапқан. Ақынның қазақшаға аударылған жырлары мен мерекелік басқосулардан түйілген әсерлер оқырманға түркі дүниесінің терең тамырын сезіндіреді.

    Осылайша, «Мұқағали» журналының биылғы төртінші саны әдебиет пен өнерді сүйетін әрбір оқырман үшін құнды қазынаға толы болды. Осы орайда басылымға жазылу – рухани әлемді байытудың бірден-бір жолы екенін айтудан жалықпаймыз. Тарихты толғатып, тек өткенді еске түсіріп қана қоймай, бүгінгі күннің әдеби жаңалықтарын жеткізіп, жас дарындардың шығармашылығына жол ашатын журналдың қолыңыздан түспеуін тілейміз.

    Әдебиетке жақын, рухани дүниесін байытқысы келетін әрбір азаматқа осы бір тағылымды басылымға жазылып, қолдау білдіру – парыз.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр

    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр

    6 months ago
    Асыл тойы – ғасыр тойы

    Нұрғиса Тілендиев ескерткішіне конкурс жарияланды

    8 months ago
    Жазушы мерейі

    Жазушы мерейі

    7 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Облыс әкімі сингапурлық компания өкілдерін қабылдады

    3 years ago
    Кәдесый жасаудың хас шебері

    Кәдесый жасаудың хас шебері

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>