☀️
1°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы

    30.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының инновацияға бағдарланған экономикасының орнықты өсуін ынталандыру, жоғары технологиялық салаларға инвестициялар тарту және Алматы агломерациясының жинақталған әлеуеті негізінде өңірде халықаралық маңызы бар іскерлік және инновациялық белсенділік орталығын қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
    1. Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе (бұдан әрі – арнаулы мәртебе) берілсін.
    2. Мыналар:
    1) кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан және жаңа салаларына инвестициялар тарту және әртүрлі қызмет салаларына инновациялар ендіру есебінен Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуді қамтамасыз ететін ерекше институ­ционалдық орта қалыптастыру;
    2) Алатау қаласын дамытуға кез келген жекеше инвестицияларды тарту және қорғау үшін сапалық жаңа деңгейдегі институционалдық базаны қамтама­сыз ету;
    3) Алатау қаласын басқаруда, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі жағдайларында жетекші халықаралық тәсілдер мен практикаларды қолдану арнаулы мәртебенің негізгі бағыты мен мазмұны болып айқындалсын.
    3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – кеңес) құрылсын.
    4. Мыналар:
    1) Алатау қаласының инвестицияларды тарту, іскерлік белсенділік пен инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі құжаттарды, сондай-ақ оның арнаулы мәртебесіне байланысты өзге де құжаттарды келісу және бекіту;
    2) Алатау қаласының инвестицияларды тарту, іскерлік белсенділік пен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ оның арнаулы мәртебесіне байланысты өзге де мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
    3) осы Жарлықтан және Қазақстан Республика­сының заңнамасынан туындайтын өзге де мәселелерді шешу кеңестің өкілеттіктері болып айқындалсын.
    5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
    1) 2025 жылғы 1 қарашаға дейін:
    Кеңес туралы ережені бекіту;
    жоғары басқару органы кеңес болатын «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры (бұдан әрі – АСА) нысанында заңды тұлға құру бойынша шаралар қабылдасын;
    2) Алатау қаласының арнаулы мәртебе шеңберінде мемлекеттік бюджет қаражаты мен жеке көздер есебінен, оның ішінде:
    қалалық кеңістікті, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың табысты халықаралық тәжірибесін ендіру;
    жетекші халықаралық сарапшыларды, консуль­тант­тарды және жоғары білікті кадрларды тарту;
    инвестициялар тарту мақсатында Алатау қаласын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
    Алатау қаласын дамытуға қатысты кеңестің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың барлық процестері мен шешімдерін іске асыру және үйлестіру арқылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету АСА қызметінің мақсаты деп айқындасын;
    3) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына Алатау қаласының арнаулы мәртебесінің құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған конституциялық заң жобасын енгізсін, онда мыналар көзделсін:
    Алатау қаласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұйымдас­тырудың, олардың құрылымының, қызметін жүзеге асыруының және өкілеттіктерінің, оның ішінде олардың құқықтық актілер шығаруының, құқық нормаларын және/немесе инновациялық жобаларды, шешімдерді, сервистер мен технологияларды сынақтан өткізу мақсатында шығаруының ерекшеліктері;
    климаттық бейтараптыққа көшуді ескере отырып, қалалық инфрақұрылым мен кеңістікті басқарудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын және Заттар интернетін (Smart City) әзірлеуді, ендіруді және пайдалануды реттеу ерекшеліктері;
    объектілерді жобалау, қала құрылысы тұрғысынан жоспарлау және салу процестерін, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғаларды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген салаларға инвестиция салуының құқықтық тетіктерін реттеу ерекшеліктері;
    Алатау қаласының аумағында озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, практикаларды, жіктеуіштерді, техникалық регламенттерді, серти­фикаттау рәсімдерін, техникалық және техноло­гиялық нормаларды тану және қолдану процестерін реттеу ерекшеліктері;
    тұрғын үй, көші-қон саласындағы қатынас­тарды, еңбек қатынастарын реттеу және шетелдік, оның ішінде жоғары білікті жұмыс күшін тарту ерекшеліктері;
    халықаралық озық практикаларды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы қатынастарды реттеу ерекшеліктері;
    тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызмет­­терге криптофиат арналары мен реттелетін стей­блкоиндерді қолдана отырып, ақы төлеу мүмкіндіктерін қоса алғанда, цифрлық активтердің айналымын реттеу және олардың базасында цифрлық қаржы сервистерін ендіру ерекшеліктері;
    токендеу технологияларын қолдануды, орталық­тандырылмаған қаржының (DeFi) және интернет-технологиялардың (Web3) жұмыс істеуін реттеу ерекшеліктері;
    жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларын қолдануды реттеу ерекшеліктері;
    білім беру, денсаулық сақтау, биологиялық технологиялар, медициналық жабдықтарды шығару және пайдалану саласында технологиялық иннова­цияларды әзірлеуді, ендіруді және пайда­лануды реттеу ерекшеліктері;
    төмен биіктіктегі экономика саласын (LAE) және қалалық әуе ұтқырлығын (UAM) дамыту шеңберінде робот техникасы жүйелерін, пилотсыз аппараттарды, электр ұшу аппараттарын (eVTOL) шығарудың технологиялық инновацияларын әзірлеуді, ендіруді және пайдалануды реттеу ерекшеліктері;
    жер қатынастарын, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттеу ерекшеліктері;
    қала аумағында арнайы экономикалық аймақ құрудың, ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің, креативті индустрия мен ойын қызметінің ерекшеліктері;
    жауапкершілікті реттеу ерекшеліктері;
    инвестициялау жағдайларының тұрақты­лы­ғына, инвестицияларды қорғауға және капитал қозғалысының ерекшеліктерін реттеуге кепілдік беру;
    салық салудың және бюджеттік қатынастардың айрықша режимін қолдану;
    Алматы агломерациясы шеңберінде Алатау қаласының, Алматы облысының және Алматы қаласының келісілген дамуы бойынша, оның ішінде көлік-логистика байланыстары, коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылым, көші-қон саясаты мәселелеріндегі қатынастарды реттеу;
    Алатау қаласының арнаулы мәртебе жағдайында жұмыс істеуі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған өзге де ерекшеліктер.
    4) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимін «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің режимін кеңейту және инвестицияларды құқықтық қорғау­дың институционалдық тиімділігін айтарлықтай арттыратын басқа да шаралар есебінен одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін;
    5) Алатау қаласын дамытуға инвесторларды, жекеше және егеменді инвестициялық қорларды кеңінен тарту, оның ішінде жекелеген халықаралық шарттар жасасу шеңберінде тарту бойынша шаралар қабылдасын.
    6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және кеңеспен бірлесіп, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті болатын Алатау қаласының арнаулы мәртебесінің құқықтық режимінің жұмыс істеу тұжырымдамасын бекітсін.
    7. Алатау қаласының арнаулы мәртебе жағдайында дамуы процестерін үйлестіруді күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі және Алматы облысының әкімі:
    1) «Alatau» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын АСА-ға беру бойынша шаралар қабылдасын;
    2) құрылатын АСА-мен «Alatau» арнайы эконо­микалық аймағында жоспарланатын жобалардың, Алатау қаласының шегінде жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық, инвестициялық жобалардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және құрылыс салу жобаларының Алатау қаласының стратегиялық және өзге де қала құрылысы құжат­тарына сәйкестігі тұрғысынан келісілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
    3) Алатау қаласының құжаттарына инвестициялар тарту, іскерлік белсенділік пен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ оның арнайы мәртебесіне байланысты өзге де құжаттарға кеңеспен келісілместен өзгерістер мен толықтырулар енгізуді болғызбасын және жұмыс істеп тұрған әрі жаңадан орналастырылатын барлық объектілер жобалары бойынша кеңес шешімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
    4) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылатын АСА-мен бірлесіп, Алатау қаласының Бас жоспары шеңберінде 2025-2026 жылдары Алатау қаласының негізгі даму аймақтарында салынатын бірінші кезектегі инфрақұрылым объектілерін айқындасын және оларды қажетті қаржыландырумен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және «толық бітіріп берілетін» құрылыс объектілерін қаржыландыру тетіктері арқылы қамтамасыз етсін, ол үшін барлық қажетті құжаттар мен шешімдерді әзірлесін және бекітсін;
    5) Алатау қаласындағы бірінші кезектегі объек­тілерді жобалау және салу процесінде заманауи халықаралық құрылыс нормаларын, қағидалары мен стандарттарын тікелей қолдану бойынша шаралар қабылдасын.
    8. Қазақстан Республикасының Бас прокура­турасы мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті тұлғалардың осы Жарлықты және Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заңнамасын орындау бойынша актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңды­лығын қадағалауды қамтамасыз етсін.
    9. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Алатау қаласын дамытуға байланысты барлық мәселелер бойынша осы Жарлықты басшылыққа алсын және одан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
    10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының
    Президенті Қ.Тоқаев
    Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 қыркүйек
    № 1015
    Қазақстан Республикасының Президентінің
    2025 жылғы 26 қыркүйектегі
    №1015 Жарлығына
    ҚОСЫМША
    Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің
    ҚҰРАМЫ
    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға;
    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өңірлік саясат мәселелерін үйлестіретін орынбасары, төрағаның орынбасары;
    Вонг Хен Файн, төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;
    Алматы қаласының әкімі;
    Алматы облысының әкімі;
    «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы;
    Ким Вячеслав Константинович (келісім бойынша);
    Цхай Юрий Андреевич (келісім бойынша);
    Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша);
    Доббс Гарри Уильям (келісім бойынша).

    Ұсынымдар

    Облыс әкімінің Райымбек ауданына сапары қалай өтті?

    Облыс әкімінің Райымбек ауданына сапары қалай өтті?

    2 years ago
    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    6 days ago
    Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

    Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

    6 months ago
    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>