⛅
18°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Әлемдегі ең үлкен түйе керуені

    08.09.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Әлемдегі ең үлкен түйе керуені
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Еліміз тағы бір мәрте әлем назарын өзіне аудартпақ. 20 қыркүйек күні Іле ауданы Ақши ауылында еліміздің мәдениеті мен тарихи мұрасын дәріптейтін бірегей іс-шара өтеді. Шара аясында мың түйеден құралған әлемдегі ең үлкен керуен жолға шығып, Гиннесс рекордын жаңартпақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, «Дәулет-Бекет» ЖШС-ның басшысы Сыдық Дәулетов және Гиннесс рекордының эксперті Рамазан Көшербай айтып берді.

    Аталған баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәнияр Абзалиденұлы бұл бастаманың қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаһанға таныту, ұлттық дәстүрлеріміздің құндылығын паш ету және өңірдің туристік әлеуетін арттыру екенін тілге тиек етті.

    «Дәулет – Бекет» ЖШС-ның басшысы Сыдық Дәулетовтың айтуынша, аталған шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша білікті кадрлар даярлауға дем беру үшін қолға алынған. Өйткені шарауашылық иесі атакәсіптің ел экономикасына зор үлес қосарына сенімді. «1990-1991 жылдары  еліміздегі түйе  саны 50 мыңға дейін азайып, осы күні 300  мың басты құрап отыр. Түйе шаруашылығы – атакәсіп. Оны дамытуға қызығушылық кейінгі жылдары артып келеді. Бүгінде шаруашылығымызда 5 мың бастан астам түйе бар. Алда төрт түліктің  төресін 15 мың басқа жеткізуді көздеп отырмыз. Сонымен қоса, агротуризмді дамыту мен  әлемдік стандарқа сай өнім өндіруге күш салып келеміз. Шұбат, құрғақ түйе сүті және түйе жүнінен жасалған бұйымдар өндіреміз. Биыл Лондондағы Гиннестің рекордтар кітабының штаб-пәтеріне өтініш білдірдік. Біз түрлі нұсқаларды ұсынып едік, олар соңында түйе керуенін ұйымдастыруды құп көріпті. Бүгінде керуенге қызу дайындықтар жүріп жатыр. Маңызды шараның өтуіне облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Бұл – менің ғана емес, тұтас елдің жеңісі», – деді  Сыдық Әбуұлы.

    Спикерлердің сөзінше, Гиннес рекордын ресми түрде тіркеу үшін Лондоннан арнайы комиссия өкілдері келеді. Керуен  қатарында  бой көрсететін әр түйенің ветеринарлық төлқұжаты болуы шарт. Сонымен қатар түйелер белгілі межеде аралық сақтап, жабусыз бір шақырым жол басады. Жүріс барысында нақты талаптар мен ережелер қадағаланады. Егер керуен сәтімен жүріп өтсе, комиссия өкілдері рекордтың ресми түрде тіркелгенін растап, арнайы сертификат табыстайды. Шараға еріктілер жұмылдырылып, киіз үйлер тігіледі. Сондай-ақ арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

    Айта кетсек, бұған дейін 350-ге жуық түйден құралған ең үлкен керуен Қытай Халық Республикасында Гиннес рекордына тіркеліпті. Өңіріміздегі түйе керуені анағұрлым ауқымды екені анық. Осылай «қара жердің қайығы» атанған ойсылқара тұқымымен сап  түзеген керуен әлемге ел мәртебесін асқақтатпақ.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қара қылды қақ жарған тұлға

    Қара қылды қақ жарған тұлға

    3 months ago
    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    2 years ago
    Атом – энергия қауіпсіздігінің кепілі

    Атом – энергия қауіпсіздігінің кепілі

    12 months ago
    Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім  Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында  өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды

    Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды

    1 month ago
    Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

    Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>