⛅
10°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы – өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы

    09.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысы – өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Алматы облысы ел экономикасындағы жетекші өңірлердің біріне айналып отыр. Бұл туралы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің экономикалық даму бағытын айқындап, өңдеу өнеркәсібін алдыңғы шепке шығару міндетін қойған. Бұл – жаһандық бәсекеге қабілетті болудың бірден-бір жолы.

    – «Президентіміз экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті төмендету және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу қажеттігін нақты атап өтті. Бұл бағытта Алматы облысы ауқымды нәтижелерге қол жеткізуде», – деді басқарма басшысының орынбасары.

    Бүгінгі таңда облыс өнеркәсібінің 90 пайызын өңдеу саласы құрайды. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Өңірде 1700-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 56 мыңнан астам адам еңбек етеді.

    2025 жылдың алғашқы жеті айында өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, 6,6 пайыздық өсім тіркелген. Атап айтқанда, «FoodMaster», «ADAL», «RG Brands», «Coca-Cola», «JTI», «Philip Morris», «Knauf Gips Kapshagay» сияқты ірі кәсіпорындар өңірдің индустриялық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

    Өңір экономикасындағы оң серпін тікелей инвестициялық саясаттың нәтижесі екені сөзсіз. Соңғы үш жыл ішінде Алматы облысына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 2 трлн 369 млрд теңгені құрап, 60 пайыздық өсімге қол жеткізілді.

    Ал шетелдік тікелей инвестициялар көлемі 1,8 млрд АҚШ долларынан асты. Биыл бұл көрсеткішті 532 млн долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

    Облыс аумағында жүзеге асырылған ірі жобалар қатарында: KT&G (Корея),«TechnoNICOL»,«Шин-Лайн», «ТК Газоблок»,«Жетісу Вольфрамы», «КегенМясПром», «LC Waikiki», «Galanz Bottlers» секілді кәсіпорындар бар.

    Бүгінде жалпы құны 7,9 трлн теңгені құрайтын, 84 мың жаңа жұмыс орнын қамтитын 216 инвестициялық жоба іске асырылуда.

    – «Біздің басты мақсатымыз – облыстың экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, жаңа жобалар мен озық технологияларды енгізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл бағытта жүйелі жұмыс пен инвесторлармен сенімді әріптестік аса маңызды», – деп түйіндеді сөзін басқарма басшысының орынбасары.

    Ұсынымдар

    ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

    ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

    7 months ago
    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    6 months ago
    АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

    АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

    9 months ago
    Жаңа жылда Қонаев қаласы қалай безендіріледі?

    Жаңа жылда Қонаев қаласы қалай безендіріледі?

    2 years ago
    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>