⛅
17°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны басталды

    09.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны басталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

            Алматы облысында 1 қыркүйектен бастап халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарына тіркеу бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.

    «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек – бұл кез келген азамат үшін медициналық көмектің бастапқы сатысы.Дәрігерге жүгінетін, алдын алу тексерулерінен өтетін және дер кезінде ем алатын орын. Әр тұрғын өзі үшін ыңғайлы әрі қолжетімді емхананы таңдауы маңызды», – деді Лейла Серікбаева.

    2025 жылғы тіркеу науқаны 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы аралықта азаматтар тіркелген медициналық ұйымдарын өзгерте алады немесе алғаш рет тіркелуге өтініш бере алады. Жаңа емханаға тіркелген тұрғындар медициналық көмекті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ала бастайды. Алайда емхананың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) арқылы қызмет көрсететін мекемелер тізімінде болуы маңызды.

    Тіркеу үш түрлі жолмен жүргізіледі:

    1. Электронды үкімет порталы (eGov.kz) арқылы;

    2. eGov Mobile қосымшасы арқылы;

    3. Таңдалған емхананың тіркеу бөліміне барып, жеке куәлікпен.

    Жаңа емханаға тіркелу кезінде бұрынғы тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер азамат емханасын өзгерткісі келмесе, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

    Сарапшылар отбасындағы барлық мүшелердің бір учаскелік дәрігерге тіркелуін ұсынады. Бұл – медициналық көмекті жүйелі түрде алу мен денсаулықты бақылауға оң әсер етеді. Сонымен қатар, тіркелетін емхананың тұрғылықты мекенжайға жақын орналасқаны жөн. Бұл жағдайда дәрігердің қажет кезде үйге келуі жеңілдейді.

    «Дұрыс емхананы таңдау – тек сапалы қызмет алу ғана емес. Бұл – өз денсаулығына деген жауапкершілік. Медициналық ұйымды дұрыс таңдаған азамат аурудың алдын алып, емделу процесін жеңілдете алады. Сондықтан облыс тұрғындарын тіркеу науқанынан шет қалмай, өз таңдауларын уақытылы жасауға шақырамыз», – деді Лейла Серікбаева.

    Айта кетейік, Алматы облысында бүгінде 800-ге жуық медициналық ұйым жұмыс істейді. Соңғы жылдары шалғай елді мекендерде жаңа нысандар ашылып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді. Емханалар заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, мобильді медициналық кешендер ауылдық аймақтарға қызмет көрсетуде.

    Ұсынымдар

    Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    1 year ago
    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    2 years ago
    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    10 months ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    2 years ago
    Қимылдаған қыр асады

    Қимылдаған қыр асады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>