-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды

    10.08.2023
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика, Энергетика
    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында олар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен, қытайлық компания өкілдерімен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

    Басқосуда екіжақты ынтымақтастықты, шекара аймағын, екі ел арасындағы сауданы дамыту мәселесі талқыланды.
    «Біз Қытаймен шекаралас аймақ ретінде елдің шығыс бағытындағы байланыстарына жауаптымыз. Қытайдың Қазақстанмен ынтымақтастығы Шыңжаң және Алматы облысы арқылы жүзеге асырылады. Алматы облысы ШҰАА-мен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген сала бойынша табысты іс-қимыл жасайды», – деді өңір басшысы кездесу барысында.

    Сонымен қатар ол Алматы облысының даму әлеуеті жайлы айтып, өңірдің қазіргі көрсеткіштерімен бөлісті. Кездесу қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов және «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Жандос Еркебаев Қытай елінің өкілдерімен бірнеше меморандумға қол қойды.

    Оның алғашқысы – «Jingyi» компаниясымен жасалған келісім. Аталған серіктестік облыстағы Арнайы экономикалық немесе индустриалды аймақта ірі сауда кешенін салмақ. Мұнда кеңселер, жатақханалар, кедендік бақылау аймақтары, жеміс-жидек және көкөніс сататын сауда үйлері және басқа да қажетті нысандар бой көтермек. «Қазақстан-Цзиньи халықаралық көтерме сауда орталығы» деп аталатын жобаға 125 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ.
    Ал екінші құжат «Қалжат-Дулат» кедендік өткізу пунктін дамытуға арналды. Маңызды Меморандум шеңберінде шекара аймағының инфрақұрылымы және ақпараттық технологиясы жаңартылады, кеденде құжат рәсімдеу оңтайландырылып, шекарадан өту уақыты азаяды, жүк тасымалдау, оны тиеу мүмкіндіктері артады.

    «Xinjiang tianyun Organic Agriculture Cо» компаниясы болса, Алматы облысының аумағында балық өсіретін зауыт салмақ. Бұл серіктестікпен де екіжақты келісімге қол жеткізілді.
    Өңірде егістік алқаптарын тамшылатып суару әдісіне көшіру – күрделі мәселенің бірі. Алайда, осы жолы облыс әкімдігі суды үнемдейтін жаңа суару жүйесін енгізіп, оған қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын зауыт салу мақсатында тағы бір қытайлық компаниямен Меморандумға қол қойды. Ал мамандар бұл шешім ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беретініне сенімді болып отыр.

    Сондай-ақ ШҰАА-дағы автономиялық округтің басшылығы мен Алматы облысының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту туралы құжатқа қол қойылды. Меморандум аясында қытайлық мамандар өңірдегі туризмнің дамуына ықпалдасып, екі елдің ортақ мүддесі үшін қызмет ететін болады. Бұдан бөлек, көрме, слет, конференция, фестиваль секілді ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, туристік бағыттарды танымал ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылмақ.
    Естеріңізде болса, биылғы жылдың наурыз айында Алматыда Қазақстан мен Қытай шекара ынтымақтастығының ІІ Достық диалогы өткен. Сонда Марат Сұлтанғазиев ШҰАА-мен бауырластық байланыс орнату туралы келісімге қол қойған болатын.

    Достық диалогта Үрімші мен Алматыда сауда хабын салу жоспарланып отырғаны, Қазақстан және Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі ашылатыны айтылған.

    Alatau News

    Ұсынымдар

    100-ден астам ағаш отырғызылды

    100-ден астам ағаш отырғызылды

    1 year ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    11 months ago
    Тал егу – игі іс

    Тал егу – игі іс

    6 months ago
    УАҚЫТ ҚҰРЫШТАЙ ШЫҢДАҒАН

    УАҚЫТ ҚҰРЫШТАЙ ШЫҢДАҒАН

    2 months ago
    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.