⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ана көрген тон пішер

    27.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Ана көрген тон пішер
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Қолөнер – ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті, ұлттық құндылықтары мен атадан балаға мирас болған салт-дәстүрінен мол мағлұмат беретін ұлы өнер. Жастайынан осынау өнерді жанына серік етіп, оның қыр-сырына қанығып өскен жанның бірі – Әлия Ермағанбетова.

    «Қолөнер бұрын күнделікті тұрмысымыздың бір бөлшегі болды. Әжелеріміз бен аналарымыздан көргенімізді қайталап, түсінбегенімізді сұрап отырып-ақ, өзіміз үйреніп алдық. Қыз бала болған соң қолымызға ине ұстап, тігін тігу, жыртылғанды жамап, үзілген түймені орнына қадау – әдеттегі іс. Қазір, Құдайға шүкір, тоқшылық заман. Жаныңа қажеттің бәрі дайын. Бұрын қолда барды ұқсатып, жоқты жамап, түгендеп отырдық қой», – дейді жетпіс үш жастағы Әлия әжей.
    Әлия Асанбайқызы 1952 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Әкесі Асанбай Ермағанбетов ауылда мал дәрігері болса, анасы Рысай Назарбекова перзентханада жұмыс істеген.
    «Оңтүстік өңірде өскен соң, кішкентайымыздан мақта тердік. Бала-шаға тізіліп отырып, мақта тазалап, түкті кілемге ширатып, дайындайтынбыз. Ол кезде аналарымыз қыстай жүн түтіп, жіп иіріп қояды. Мектептен жазғы демалысқа шыққанда әжемізбен бірге отырып, көрші-қолаңның, тіпті көрші ауыл адамдарының тапсырысымен кілем тоқитынбыз. Текемет басу, оған ою-өрнек салу, кесте тігіп, шілтер тоқу, сырмақ сыру дегеннің бәрін кішкентайымыздан көріп, үлкендерден үйреніп өстік. Кейін студент болып, басқа қалаға кеттік, тұрмысқа шықтық, бірталай уақыт қолөнерден қол үзіп қалдық», – деген Әлия әжей кезінде өз әжесінен көріп-білгенін жастарға үйретпекші болғанымен, маңайында қолөнерге қызығып, құлақ түрген жас болмапты. Десе де он саусағынан өнер тамған кейіпкеріміз бойда бар асыл қасиетті кәсіпке айналдырып, қыз жасауын дайындауды қолға алады. Жанына көмекші ертіп, аудан орталығындағы базардан шағын кәсібін бастайды.
    «Қыздың жасауы туралы «Алты жастан жинасаң, асасың. Жеті жастан жинасаң, жетесің» дейді халқымыз. Бұрын аналарымыз бойжетіп келе жатқан қызы болса, қолына түскен жақсысын, мейлі қымбат мата, алтын-күміс болсын, сандықтың түбіне сала салып, жинап отыратын. Бұл бір жағынан, жақсы ырым, енді бір жағынан сол кездегі қоңыр тіршілікке көп сеп болар әрекет еді. Ал қазір бір-ақ күнде бәрін сатып ала саламыз. Бәрі бар. Дегенмен қыз жасауында үлкен орынға ие құрақ көрпелердің берер мағынасына көпшілік терең үңіле бермейді. Мысалы, қазақта құрақ көрпешені «Жас отау құрақтай құралып, бірге болсын, көбейіп, өрісі кеңейсін, жапырағы жайқалсын» деген ақ ниетпен береді. Сондай-ақ көрпешелерге салынып жүрген әр ою-өрнектің өз айтар ойы мен мәні бар. Ою-өрнек қана емес, құрақта қолданылатын матаның түсіне де халқымыз мол мән берген. Сондықтан мұның бәріне көңіл қойып, әрқайсысын өз орнымен пайдалану қажет. Сонда қарапайым ғана көрпешедегі әр қиықтың өзі мол мазмұнға ие, әдемі әлем екенін көре аламыз», – дейді шебер әжей.
    Қол шеберлігі, ой ұшқырлығы, қиял еркіндігі, сабыр мен төзім өзара үйлесім тауып, таным-түйсіктің тереңдігі қосылғанда, халқымыздың бай болмысынан хабар берер нағыз ұлттық нақыштағы дүние пайда болады. Халқымыздың ғасырлар қойнауынан жалғасын тауып келе жатқан қолөнерінің қай түрі болсын, атадан балаға мирас болып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай берері анық.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    1 year ago
    Қаламды серік еткен

    Қаламды серік еткен

    7 months ago
    Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

    Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

    1 year ago
    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    3 years ago
    Мүмкіндік алаңы

    Мүмкіндік алаңы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>