-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мүмкіндік алаңы

    17.04.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Спорт
    Мүмкіндік алаңы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қарасай ауданында пара жеңіл атлетикадан ересектер мен жастар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа аудандар мен Қонаев қаласынан көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараты зақымданған 150-ден астам спортшы қатысты.

    «Дене шынықтыру мен спорт – мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың және денсаулығын нығайтудың тиімді құралы. Міне, осы мақсатта облыста мүгедектер спортын дамыту дирекциясы жұмыс істеуде. Бүгінде әр өңірде спорт үйірмелері ашылды. Мәселен, қазір жеңіл атлетикамен 300-ге жуық адам айналысады. Былтыр аталған чемпионатқа  60-тан астам спортшы қатысса, биыл олардың саны 150-ге жетті. Бұл Алматы облысында пара жеңіл атлетиканың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді», – деді Алматы облысы бойынша мүгедектер спортын дамыту дирекциясының басшысы Нұрдәулет Күлсейітов.

    Чемпионатқа қатысушылар жеңіл атлетиканың төрт түрінен: жүгіру (100 м, 200 м, 400 м, 800 м және 1500 м), ұзындыққа секіру, ядро, диск және найза лақтырудан сынға түсті. Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысып, жарысқа қатысуының өзі – жеңіс.

    «Былтыр Қазақстан жастар чемпионатында жеңіл атлетикадан Алматы облысының құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленді. Құрама сапында спорт шеберлері, ірі турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Біз пара спортшылардың жеңіске деген ерік-жігеріне әрқашан тәнтіміз. Бүгінгі жарыста Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының спортшылары басым түсті. Үздік шыққандар биыл маусым өтетін Қазақстан Республикасының 7-ші жазғы спартакиадасына қатысу үшін Алматы облысының құрамасына іріктеледі», – деді жарыстың бас төрешісі Елена Басистова.

    Жарыс қорытындысы бойынша, жүгіруден – Енбекшіқазақ ауданының спортшылары Зәмзагүл Серікқалиева, Меруерт Юсупова, Ерасыл Солтанғалиулы,  Талғар ауданынан Қарақат Серікқызы мен  Мақсат Қалиқанов, қарасайлық  Айдана Ермекбаева мен Камила Жанәділова; мүгедектер арбасындағы жарыстан –  Абдуваит Хамитов (Ұйғыр ауданы) пен Эльмира Сабыралиева (Карасай ауданы); ұзындыққа секіру, ядро, диск және найза лақтырудан –  қарасайлық спортшылар Берік Қартбай Азамат Нұралиев, Ақжол Қатарбеков, Іле ауданынан келген Еркебұлан Қадыров, Марал Борантаева, жамбылдық Марат Ерасыл, Талғар ауданынан қатысқан Бауыржан Әбілов, Айнұр Тайжанова, Еңбекшіқазақтан келген Гүлім Ермұханкызы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

    Ұсынымдар

    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    2 years ago
    Николай

    Көкпаршы Николай

    2 years ago
    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    2 years ago
    Батыр атындағы белдесу

    Батыр атындағы белдесу

    8 months ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қазақстанда 80 су арнасы жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>